Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әскери парад

Тәуелсіздік мейрамы күні Крещатикте өткен әскери парадқа қатысқан Украина қарулы күштері танкілері. Киев, 24 тамыз 2021 жыл.

Украина әскерилері мемлекеттік туға құрмет көрсетіп тұр.

Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленский Тәуелсіздік күні ұйымдастырылған әскери парадқа келе жатыр.

Әскери парадқа барабаншылар шықты.

Киевтегі Тәуелсіздік алаңында (Майдане Незалежности) өткен әскери парадты тамашалап тұрған адамдар.

Тәуелсіздік алаңында өткен парадта украин әскерилері мемлеттік туды әкеле жатыр.

Украинаның бұрынғы президенттері Петр Порошенко (оң жақтан екінші), Виктор Ющенко (ортада) және Леонид Кучма (сол жақтан екінші) Киевте өтіп жатқан әскери парадты тамашалап тұр.

Украинада жасалған Ан-225 "Мрия" – әлемдегі ең үлкен жүк таситын ұшақ.

Суретте: Киевтегі әскери парад кезінде көкте ұшып бара жатқан "Мрия".

Украина қарулы күштері сарбаздары Тәуелсіздік күні өткен әскери парадта.

Киевтегі парадқа қатысқан әскери танкілер.

Ит жетектеген украин сарбаздары.

Тәуелсіздік алаңы үстінен ұшып бара жатқан украин әскери ұшақтары.

Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әскери парадқа АҚШ армиясының бір топ жауынгері де қатысты.

Тәуелсіздік күніне арналған парадта ұлттық киім киіп тұрған украин қыздар.

Украин әскери техникасы.

Киевте өткен парадқа украин әскери теңізшілері де қатысты.

Қара теңіз жағалауындағы Одесса портында әскери жаттығу жасап жатқан украин десантшылары.

Десантшылар тікұшақтан теңізге секіріп жатыр.

Одесса әуесіндегі украин әскери ұшақтары.

Тәуелсіздік күні Одессада өткен әскери парадты тамашалап тұрған жұрт.