Украинадағы қарсылық шеруі

Киевтегі Тәуелсіздік алаңына (Майдан Незалежности) бара жатқан шерушілер тобы, 1 желтоқсан 2013 жыл.

Алаңды күзетіп тұрған милиция қызметкерлері. 30 қарашада Тәуелсіздік алаңынан бейбіт шеруге милицияның арнайы жасағы күш қолданғаннан соң, наразылық білдіріп алаңға шыққандар саны еселенді.

Радикалдық көңіл-күйдегі жастар тобы Киев қалалық мэриясына басып кіруге әрекет жасады. 1 желтоқсан 2013 жыл.

Украина оппозициясының жетекшілері Виталий Кличко, Арсений Яценюк және Польшаның "Құқық пен әділеттілік" оппоозициялық партиясының басшысы Ярослав Качиньский наразылық жиынында тұр. Киев,1 желтоқсан 2013 жыл.

Билікке қарсылық танытқандардың бір тобы президент әкімшілігі ғимаратын қоршап тұрған милиция жасағының шебін бұзып өту үшін трактормен келді. Киев, 1 желтоқсан 2013 жыл.