Бес жыл бұрын қарашаның 21-інде Украина астанасы Киевте Еуропа Одағымен интеграцияны қолдап, наразылыққа шыққан мыңдаған адамның шеруі басталды. Әуелі бейбіт шеру ретінде көрінген шара келе-келе халық пен арнайы жасақ сарбаздары арасындағы шиеленіске ұласты. Тәуелсіздік алаңындағы қақтығыс кезінде ондаған адам өлді, мыңдаған адам жараланды. Бұл наразылық "Еуромайдан" деген атауға ие болды.
Наразылықтың алғашқы күндері. ЕО туын ұстаған Украина азаматтары. 22 қараша 2013 жыл
Украинаның сол кездегі президенті ресейшіл Виктор Янукович Украина мен Еуропа Одағы арасындағы келісімді қабылдаудан бас тартты. Бұған наразы болған азаматтар қарашаның 21-інде Киев орталығындағы алаңға жиналды. Бірнеше күннің ішінде шеруге жиналғандардың саны 100 мыңға жетті.
Халық пен полиция бірінші рет украин үкіметі ғимаратының алдында қақтығысып қалды. Мына суретте полиция мен шерушілер бір-біріне жас ағызатын газ шашып жатыр
ЕО-мен интеграцияны қолдаған шеруге студенттер де қосылды
Президент Виктор Януковичтің екіге қақ бөлінген суретін ұстап тұрған шерушілердің бірі "Қорқақ" деп айғайлап тұр. Киев, 29 қараша 2013 жыл
30 қарашада таңғы сағат 4-тер шамасында полиция жасақтары Еуромайдан белсенділерін күшпен таратуға тырысты. Ондаған адам соққыға жығылды. Олардың арасында студенттер де болды.
Полициядан қорғанған шерушілердің кейбірі сол маңдағы шіркеуге тығылды. Мына суретте жараланған азаматтардың бірі шіркеу маңынан өтіп барады. 30 қараша 2013 жыл
1 желтоқсанда шерушілер қайтадан Тәуелсіздік алаңына жиналды. Оппозиция жетекшілері саяси талаптар айтып, соңына таман билік өкілдерімен шекісіп қалды.
Қарашаның 30-ы күнгі қақтығыс наразылықтың сипатын өзгерткен маңызды сәттердің бірі болды. Бұл күні кемінде 79 адам жараланды.
Шерушілер президент әкімшілігі ғимараты маңындағы полицияның қалың сабын бұзу үшін трактор қолданды. 1 желтоқсан 2013 жыл
Киевтегі City Hall ғимараты шерушілердің тынығу алаңына айналды. Мұнда наразылыққа шыққандар тамақ ішіп, әлденіп алып, сосын наразылыққа қайта қосылып отырды. Киев, 5 желтоқсан 2013 жыл
8 желтоқсанда Тәуелсіздік алаңында өткен "Миллиондар маршына" мыңдаған адам жиналды. Олар ЕО-мен әріптестікті қолдады.
Тәуелсіздік алаңына баратын жолды жапқан шерушілер
Ішкі істер министрлігінің жасағы алдында Украина туын ұстап тұрған шерушілердің бірі. Полиция қысымы мен ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мыңдаған адам алаңда наразылық шеруін жалғастыра берді
Омон жасақтары Тәуелсіздік алаңындағы шерушілердің баррикадасын бұзуға тырысты. Шерушілер алаңнан кетпей, полицияның соққысына төтеп берді. Полиция мен арнайы жасақ солдаттары түнгі екілер шамасында наразыларға тағы "шабуыл жасады". АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри полиция әрекетін айыптады.
Сурет-көрме: Еуромайдандағы шерушілердің тамақтануы (Ағылшын тілінде)
Inside The 'Euromaidan' Kitchen
Еуроодақпен интеграцияны қолдаған азаматтар Жаңа жылын Тәуелсіздік алаңында тойлады. Киев, 1 қаңтар 2014 жыл
Қаңтар айының ортасында парламент наразылықтарды шектейтін заңға қол қойып, мыңдаған адам наразылық танытты. Тәртіпсіздік кезінде жүздеген адам жараланған. Наразы азаматтар бензин құйылған бөтелке, тастар лақтырып, көліктер мен автобустарды өртеді. Көшедегі қозғалысты тоқтату үшін қоқыстардан баррикада орнатты.
Наразылардың бірі үкіметке қарсы шеру кезінде бензин құйылған бөтелкені лақтырып тұр. 22 қаңтар 2014 жыл
Шерушілер мен полицияның қақтығысы. 22 қаңтар 2014 жыл
Жанып жатқан баррикада маңында тұрған дін қызметкерлері
Тәуелсіздік алаңында шерушілер тұрғызған шатырлар. 24 қаңтар 2014 жыл
Полиция мен Еуромайдан белсенділерінің кездесуі. 24 қаңтар 2014 жыл
Тәуелсіздің алаңындағы бір күн, бір түнге созылған қақтығыстан 18 адам өлді. Ғимараттар, шатырлар мен баррикадалар өртенді. 18 ақпан күнгі қақтығыс қарашадан бері жалғасқан наразылықтың ішіндегі ең ауыры әрі күрделісі болды.
Полицияның соққысына төтеп беру үшін кейбір шерушілер қалқан қолданды. 19 ақпан 2014 жыл
Сурет-көрме: Киевтегі қаралы күн (Ағылшын тілінде)
Deadly Day In Kyiv
Тәуелсіздік алаңында әнұран айтып тұрған шерушілер. 22 ақпан 2014 жыл
Киевте полициямен қақтығыс кезінде қаза тапқан бірнеше шерушіні жерледі. 22 ақпан 2014 жыл
Президент Виктор Янукович дағдарысты тоқтатуға тиіс болған келісімге қол қойды. Бірақ ақпанның 22-сінде елден қашып, Ресейді сағалады. Бұған дейін Киев прокурорлары Януковичті "Украинаның территориялық тұтастығына нұқсан келтірді", "Ресей әскерімен ымыраласты", "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыптаған.