Азаттық тілшісі Левко Стек сепаратистерге қарсы соғысып жатқан жауынгерлерге қажетті заттар жеткізетін украин еріктілерімен сапарлас болды.
Әдетте курьердің міндеті қиын емес. Сәлемдемені алады, қайда апаратыны айтылады, аттанып кете барады. Бірақ межелі жер сепаратистер бүлігі ушығып тұрған Украинаның Славянск қаласы шетіндегі әскери бақылау пункті болса, көлік Украина жауынгерлеріне қажет әскери жабдық пен дәрі-дәрмек, азық-түлікке толып тұрса ше? Онда жағдай басқа.
АЛҒАШҚЫ «АЯЛДАМА»
Азаттық тілшісі осындай сапарға белсенді Александр Назарчук және оның досы Андреймен бірге шықты. Бұл Александрдың алтыншы сапары екен. Ол бұған дейін қатерге ұрынбай, аман қайтып жүргенін айтты. Мұндай сапарға бірінші рет шыққалы тұрған Азаттық тілшісіне оның бұл сөзі кәдімгідей демеу болды.
Сонымен үш адам Донецк облысы шекарасына таяу маңдағы Изюм қаласынан аттанып кеттік. Изюмнен небәрі 40 километр жерде ұрыс жүріп жатыр деп ешкім айтпас еді. Әуелгі аялдама Барвенково ауылы болды. Азаттық тілшісі бірге шыққан «әскери лаудың» міндеті - ол жердегі бақылау-өткізу орнына да жараланғандарға арналған дәрі-дәрмек пен жабдық қалдыру.
Андрей мен Азаттық тілшісі беренді кеудеше киіп алды. Бұл – Андрейдің де алғашқы сапары. Шлемімізді ұстап отырмыз. Ал Александр қорғаныс киімдерін кимейді. Азаттық тілшісі кеудеше мен шлемнің оқтан қорғайтынына аса қатты сеніп те тұрған жоқ, алайда мұндайда кез-келген жабдық дәтке қуат болады екен.
Қазір Украинадағы бірнеше ұйым үкіметтің қаруы әлсіз әскеріне қаржы жинап, көмектесіп жатыр. Бірақ шығыс аймақтарға жүк таситын еріктілер табу қиын.
Андрей мекемелерді компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ететін компанияда істейді. Екі баласы бар. Азаттық тілшісі «екі баланың әкесі неліктен осындай қатерге бас тігіп жүргенін» сұрады. «Сол балалар үшін ғой. Олар бейбіт елде өмір сүрсін деймін. Тыныш қарап отыра алмадым» дейді Андрей .
Александрдың да екі баласы бар. Азаттық тілшісі одан бұл сапарға шығуының себебін сұрамады.
Изюмнен алыстай бердік. Жол бомба түскендей шұрқ-тесік. Бірақ ол оқтан емес, сыбайлас жемқорлық пен шаруаға мән бермеудің кесірінен ойылып қалған. Кейбір аймақтарда жол шетінде қарулы адамдар жүрді. Оны көргенде Азаттық тілшісі мазасыздана бастады. Қобалжығаннан болар, суық тер саулап, беренді кеудешенің ішіндегі жұқа киім малмандай болды. Тілші «ыстықтан шығар» деп өзін-өзі жұбатты.
Жүкті жеткізетін орындар тізімі бар. Сол бойынша келе жатқан топ алғашқы бақылау бекетіне де жетті. Курьерлердің құжаты тексеріліп, көліктері тінтілді, сапардың мақсаты туралы да сұрақтар қойылып жатты. Александр мен Андрей көліктен бірнеше қорапты түсірді. Александр солдаттарға балалар салған суреттер көрсетті. Жауынгерлер сәл де болса сергіп, әлгі суреттерді тамашалап тұрды.
Жүк тапсырылған соң курьерлер міндетті түрде суретке түседі. Бұдан соң ары қарай аттанып кетті.
Курьер көлігіне мінген үшеу жолшыбай бірнеше ауылды кесіп өтті. Балалар велосипед теуіп жүр, қартаң әйелдер үй алдында алаңсыз отыр. Жол бойындағы кафеде үйлену тойы болып жатыр. Суға түскен жастар көрінеді. Азаттық тілшісі мен Андрей берен кеудешелеріне бола елден ыңғайсыздана бастады. Олар өздерінің осы ұсқынын әзілге айналдырды, бірақ шешкен жоқ.
«БЕРКУТ» ПЕН «ЕУРОМАЙДАННЫҢ» БІРЛІГІ
Келесі меже – Карачун тауындағы теледидар мұнарасы. Бұл аймақта қақтығыссыз күн өтпейді. Мұнара – стратегиялық маңызды, әрі Украина армиясының алдыңғы шебі бекінген ең биік нысан. Сол аймақта жүрген ер адамдардың бірі Азаттық тілшісіне төңіректі көрсетіп шықты. Бірнеше сағат бұрын сепаратистермен атыс болған екен. Жолды оқ тесіп тастаған, электр трансформаторына оқ тиіп, орны футбол добындай болып ойылып қалыпты. Мұнараның қабырғасын атқан.
Курьерлер қараңғы түскенше әлі үш бақылау-өткізу пунктін аралап шығуы керек. Бұдан ары олар Славянскідегі мал бордақылау зауытына жақындады. Онда Украина ұлттық гвардиясы бекінген. Өткен айда осы зауытты сеператистер БТР-мен атқылаған екен. Бүгін әйтеуір тыныш.
Кіреберісте күзет тұр. «Беркут» арнайы жасағының бұрынғы қызметкерлеріне ұқсайды. Олар курьерлерді күтіп алуы тиіс адам келмейінше ішке кіргізбей тұрды. Ол адам бұрынғы Майдан белсендісі екен. Бірнеше ай бұрын «Беркут» жауынгерлері мен «Еуромайдан» белсенділері бір-бірін өлтіруге дайын еді. Енді олар бірге соғысып жатыр.
ВИДЕО: «Беркут» арнайы жасағының бұрынғы қызметкерлерінің кейбірі Украинаның қайта құрылған ұлттық гвардиясына қосылды. Олар «саяси пікірлердің алшақтығын соғыс кезінде ұмыта тұрамыз» дейді.
Азаттық тілшісі белсендіден «Беркуттің» бұрынғы жауынгерлерімен қалай бірге жүргенін сұрады. «Әрине, біз жағдайға әртүрлі қараймыз, бірақ олар өте тәртіпті жандар» дейді ол. Сәлемдемені алған жауынгерлер қуанып кетті. Камуфляж киіп, бір қолына шұжық пен екінші қолына апельсин толы қап ұстаған ер адамды Азаттық тілшісі суретке түсіріп алды. Күн бата курьер тобы ары қарай аттанды.
СОҢҒЫ БЕКЕТ
Тағы бір бақылау-өткізу пунктіне келгенде оларды Майданның бұрынғы белсенділері қарсы алды. Бұл жерде басқа көлік жоқ екен. Тізімдегі соңғы орынға жете бере Украина солдаттары тоқтатып, Александрды көліктен шығарып, қолын көтерткен күйі алып кетті. Ол бірнеше минуттан соң қайтып келді. Оның сөзіне сенбеген солдаттар көлікті тінте бастады. Александр «осы түнді таяздау қазылған көрде аяқтайтын сияқтымыз» деп әзілдеді. Бірақ оған ешкім күлмеді.
Солдаттар көлікті мұқият тексеріп шықты. Жүк қайта тиелді. Курьерлер зорға дегенде кетуге рұқсат алды. Бірақ ары қарай жүре алмады. Солдаттардың бірі: «Алдарыңда сепаратистердің тосқауыл бекеті тұр. Ұстап алса, бұл дүниемен қоштаса беріңдер» деді.
Жақын жерден мылтық атылды. Курьерлердің ары қарай жүргісі жоқ. Александр қалған жүкті «әскери штабқа апарайық, сол жерден ұшақпен әкетер» деді. Бұл ұсынысты Андрей де, Азаттық тілшісі де ұнатты.
Изюмге қайтып келе жатқанда ұялы телефон байланысы қайта қосылды. Александрге соңғы бақылау пунктінен бір солдат бірнеше рет қоңырау шалыпты. Сепаратистердің тосқауыл бекеті бар екенін, олардың атуға дайын екенін айтпақ болған. Курьерлер ары қарай аттанғанда сепаратистердің қолына түскендей екен.
(Азаттық тілшісі Левко Стектің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)

Your browser doesn’t support HTML5