Ресейлік БАҚ-тың Батысқа сілтеме жасай қалуы

«Взгляд» басылымы (vz.ru) жариялаған мақаланың тақырыбы.

Ресейлік БАҚ Батыс баспасөзінің АҚШ, болмаса Еуропа саясатын сынайтын мақалаларын іліп әкетіп, Мәскеу позициясының дұрыс екенін дәлелдеуге пайдаланады.
Бірақ Ресей басылымдары «керек ақпарат» аса сенімді емес, Кремль үшін «күмәнді» БАҚ-та жарияланса не істейді?

БЕДЕЛДІ БАСЫЛЫМҒА СІЛТЕМЕ БЕРІЛЕДІ

CNN сайты өткен аптада Луганскідегі әкімшілік ғимаратта болған жарылысқа Киевтің қатысы бар-жоғы туралы мақала жариялағанда Ресейдің мемлекетке қарайтын екі ақпарат құралы – «РИА Новости» мен RT халықаралық желісі CNN арнасының бұл мәлімдемесін жарыса таратқан еді.

Мамыр айында The Guardian жариялаған даулы материалда (мақаланың көп дерегі жалған екені анықталған – ред.) Джон Пилгер «АҚШ пен Батыс елдері Украинадағы фашистік күштерге қолдау жасады» деп мәлімдегенде Ресейдің барлық ірі ақпарат құралдары осыны іліп әкетіп, беделді басылымға сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Ал Батысты сынаған БАҚ The Guardian немесе CNN болмай, оқырман алдында аса бір беделі жоқ World Socialist Web Site («Әлемдік социалистік веб сайт») болса ше? Бірақ мақала тақырыбы «Обама Киевтің елдің шығысында жүргізіп жатқан террорын қолдайды» деген сипатта жазылып, «қызықтырып» тұрса.

Ол сайтты Лев Троцкийдің ілімін таратуды мақсат еткен топтар, яғни 4-интернационал халықаралық комитеті қаржыландырады.

МҰНДАЙ КЕЗДЕГІ РЫКОВТЫҢ АЙЛАСЫ

Түсінікті етіп айтқанда, ресейлік БАҚ күмәнді баспасөзге шыққан материалды өте сенімді дерек ретінде ұсынғысы келсе не істейді?

Бұл жағдайда кремльшіл кәсіпкер Константин Рыков құрған «Взгляд» сайтын үлгі етіп көрсетуге болар. Бұл сайта әлгі «троцкийшіл» басылымды айтпай, оны «америкалық басылым» деп атай салған.

«Взгляд» мақаланы «Америкалық басылым: «Обама шығыс Украинадағы мемлекеттік террорды қолдайды» деген тақырыппен жариялаған.

Рыковтың тақырыпты ғана көрсеткен мына твитін 90 адам ары қарай таратқан.

Интернет-қолданушылардың әрекеттерін зерттейтін Alexa.com компаниясы «Взгляд» сайтының оқырман саны жағынан Ресейде 82-орында тұрғанын жазады.

Мақалада World Socialist Web Site мүлдем аталмайды, бірақ оны көшіріп жариялаған Axis of Logic сайтына ғана сілтеме берілген. Өйтуге АҚШ-тағы World Socialist Web Site сайтының оқырман саны жағынан мақтана алмайтыны себеп болса керек.

(Гленн Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)