Тікұшақтар, ракеталар, радарлар. АҚШ Украинаға қандай қарулар береді?

Ми-17 тікұшағының 11 данасы

Совет одағында құрастырылған мұндай тікұшақтар әскерилер мен жүк тасуға арналған. Бір тікұшақ 24 солдатты не төрт тонна жүкті алып ұша алады. Кейбіріне пулеметтер я басқарылатын ракеталар орнатылады.  

Танкіге қарсы 500 дана Javelin және "танкіге қарсы мыңдаған қару"

Америкалық танкіге қарсы Javelin қаруы қазір Украинада ресейлік бронтехникаларға қарсы қолданылып жаттты. Javelin қаруы 2,5 км жердегі танкілерді ата алады. Пентагонның бюджет есебі бойынша, 2021 жылы бұл қарудың біреуінің құны 178 мың доллар болған. Javelin қаруы жайлы толығырақ мына сілтемеден оқып таныса аласыз.  

AN/TPQ-36 аартиллериялық радарының 10 данасы  

Бұл радар жақындап қалған артиллериялық техникалар мен снарядтың қайдан атылғанын және траекториясын анықтай алады.  



 

М113 бронмашинасының 200 данасы 

Бұл қазтабан көлікті АҚШ Вьетнамдағы соғыста пайдаланған, бірақ қазір Америка бұл техниканы майданда жараланғандарды таситын жедел жәрдем ретінде пайдаланады. М113 машинасына 18 адам сияды, брон техникасы оқтан және снаряд сынықтарынан қорғай алады.  



 

С-4 жарылғышы мен "кедергіні алып тастайтын құрылғылар"

Ермексазға ұқсас мына пластикалық жарылғыш заттың жарылуы күшті, темірлерді, мәселен теміржолды бүлдіре алады. Украина әскерилері осы қарумен Ресеймен шекара маңындағы теміржолдарды жарған.  



 

Switchblade тактикалық әскери дронының 300 данасы  

2,5 келілік "камикадзе дронда" видеокамера мен һграната көлеміндей оқтұмсық бар. Қарсыластың аумағын барлап келуге, қажет болса жойғыш қарулар мен брондалмаған машиналарды бүлдіре алады. Дрон жылдам ұшады әрі арзан. Бір данасының құны 6 мың доллар.  



 
 

Жаяу әскерге қарсы M18A1 Claymore минасы 

Минаның ішінде бұршақтың көлеміндей 700 темір миналар бар. Жарылған кезде темір шариктер жан-жаққа бытырап, мылтықтың оғынан да жылдам ұшады.

AN/MPQ-64 радиолокациялық жүйесінің екі данасы 

40 шақырымда келе жатқан ұшақтар, дрондар, ракеталарды анықтай алады.



 
 

100 бронмашина 

АҚШ қарулы күштерінің негізгі көлігі. Humvee көлігінде ірі калибрлі пулеметтер мен танкіге қарсы ракеталар орнатылған.

155-миллиметрлік гаубицтің 18 данасы мен 40 мың артиллериялық снаряд 

АҚШ Украинаға гаубицтің нақты қандай түрін жібергені белгісіз. Суреттері М198 моделі АҚШ әскеріне 1970 жылдары түскен. Қазір бұл техникалар жетілдірілген. М198 гаубиці 20 шақырымға дейін снаряд ата алады.

Химиялық, биологиялық, радиологиялық қорғаныш костюмдері 

Бұл костюмдер ядролық я химиялық шабуыл кезінде қажет. Пентагон Украинаға медициналық құрылғылар, бронжилеттер, каскалар, оптикалық құрылғылар жіберетінін мәлімдеді.