3 қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатында салық төлемдеріне қатысты ірі алаяқтық туралы іс бойынша сот тыңдауы өтуі тиіс. Айыпталушылардың арасында қазақстандық студенттер бар.
Калифорния округының федералдық үлкен алқасы 55 адамды «ірі көлемдегі алаяқтық әрекетке қатысты» деп айыптайды. Күдіктілер 2 мыңнан аса адамның дербес деректерін ұрлап алып, олардың атынан 20 миллион доллардан асатын көлемде артық төленген салықты қайтаруды талап еткен. АҚШ-тың салық басқармасы оларға 7 миллион доллардан астам ақша төлеген. Тіпті банктерде жалған есеп-шоттары бар, бірақ өздері қайтыс болған адамдардың атына да ақша аударған. Тергеу амалдары төрт қылмыстық іс бойынша жүргізілді. АҚШ баспасөзі бұл қылмыстық жоспарды «ғасыр алаяқтығы» деп атады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР
Бұл қылмыс бойынша Қазақстанның – 16, Ресейдің – 7, Түркіменстанның – 3, Өзбекстанның – 1, АҚШ-тың бірнеше азаматы айыпталып отыр. Айыпты деп танылса, күдіктілер екі жылдан 30 жылға дейін сотталып, 1 миллион долларға дейінгі мөлшерде ірі айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл қылмысқа бұрынғы Совет Одағы елдерінің, оның ішінде Қазақстанның да студенттерінің қатысы бары белгілі болды. «Артық төленген салық» туралы декларациялар олардың атынан жалған мәліметтермен толтырылып, салық органдарына өткізілген.
Күдікке ілінген қазақстандықтардың бәрі сотқа тартылар-тартылмасы әлі белгісіз. Өйткені күдікті шетелдік студенттердің көбі алаяқтық ісі бойынша тергеу басталғанға дейін АҚШ-тан кетіп қалған. Кейбір дереккөздердің хабарлауынша,
кем дегенде бір қазақстандық тұтқындалған. АҚШ бюджетінің бұрын-соңды болмаған дағдарысқа ұшырауынан соңғы күндері көптеген мемлекеттік мекемелер жұмыс істемейтіндіктен, бұл мәліметті ресми орындар арқылы растау әзірше мүмкін болмай тұр.
Федералдық тергеу басқармасының (ФБР) веб-сайты алаяқтыққа байланысты төрт қылмыстық іс қозғалып, қыркүйектің 26-сында 22 адам қамауға алынғанын хабарлайды. Еркіндікте жүрген 33 күдіктінің біразы елден шығып кеткен. Қазір АҚШ-тан кетіп қалған 21 күдіктіні кері қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Күдіктілер алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Сан-Диего және басқа қалалардағы шетелдік студенттерді тартқан. Кейбір айыпталушылар лақап аттарды, ақшасы алдын ала төленген ұялы телефондарды пайдаланып, компьютерлердің ІР-адрестерін жасырған. Банктің бір қызметкері қайтарылған «артық салықтың» ізін жасыру үшін есеп-шоттар ашқан деп айыпталады.
АЛТЫН АҚШАҒА АЙЫРБАС
U-T San Diego жаңалықтар сайты америкалық прокурор Лаура Даффидің «құрбандарының саны, әккі ойластырылуы, қитұрқы тәсілдерді батыл қолдануы және құрбандарына рақымсыздық таныту жағынан таңқаларлық іс» деген сөзін келтіреді.
Қылмыстық жоспардың біріне 29 адам тартылған. Олар өтірік ұтыстарды және құмар ойындардан келген зиянды, жалақысы мен салық төлемі өтемін көрсетіп, жалған салық декларацияларын толтырған. Қылмысқа тартылған студенттер тіркелу үшін Сан-Диего қаласында пәтер жалдап тұрған және «артық салықты» қайтару үшін банкте есеп-шоттар ашқан.
Қылмысты ұйымдастырушылар күдіктілерге өздерін қалай ұстауды үйретіп, есеп-шоттың нағыз иесі сияқты көрінуге жаттықтырған. Өздерін банк клиентіміз деп атаған олар ақшаны есеп-шотынан алтын сатушыға аударуды өтінген. Кейін алтын сатушыдан жарты миллион доллардан асатын көлемдегі соманың алтын монеталарын алған.
Қазақстандық студенттердің АҚШ-тағы алаяқтық қылмыстарға қатысы бар деген жанжал бұрын да шыққан. Өткен жылы жалған веб-сайты арқылы «жұмыс тауып беремін» деп алдап ақша жинаған америкалық алаяқтың соты болған. Ақшаның ізін жасыру үшін ол бірнеше қазақстандық студентті үгіттеп, оларға елдің әрі жеріндегі банктерден бірнеше есеп-шот ашқызған. Кейін студенттер есеп-шоттың парольдері мен дербес деректерін алаяққа берген.
Былтыр АҚШ-та Қазақстанның екі азаматы бөтен біреудің несие картасымен алаяқтық әрекет жасады деген айыппен сотқа тартылды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР
Бұл қылмыс бойынша Қазақстанның – 16, Ресейдің – 7, Түркіменстанның – 3, Өзбекстанның – 1, АҚШ-тың бірнеше азаматы айыпталып отыр. Айыпты деп танылса, күдіктілер екі жылдан 30 жылға дейін сотталып, 1 миллион долларға дейінгі мөлшерде ірі айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл қылмысқа бұрынғы Совет Одағы елдерінің, оның ішінде Қазақстанның да студенттерінің қатысы бары белгілі болды. «Артық төленген салық» туралы декларациялар олардың атынан жалған мәліметтермен толтырылып, салық органдарына өткізілген.
Күдікке ілінген қазақстандықтардың бәрі сотқа тартылар-тартылмасы әлі белгісіз. Өйткені күдікті шетелдік студенттердің көбі алаяқтық ісі бойынша тергеу басталғанға дейін АҚШ-тан кетіп қалған. Кейбір дереккөздердің хабарлауынша,
Федералдық тергеу басқармасының (ФБР) веб-сайты алаяқтыққа байланысты төрт қылмыстық іс қозғалып, қыркүйектің 26-сында 22 адам қамауға алынғанын хабарлайды. Еркіндікте жүрген 33 күдіктінің біразы елден шығып кеткен. Қазір АҚШ-тан кетіп қалған 21 күдіктіні кері қайтару жұмыстары жүріп жатыр.
Күдіктілер алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Сан-Диего және басқа қалалардағы шетелдік студенттерді тартқан. Кейбір айыпталушылар лақап аттарды, ақшасы алдын ала төленген ұялы телефондарды пайдаланып, компьютерлердің ІР-адрестерін жасырған. Банктің бір қызметкері қайтарылған «артық салықтың» ізін жасыру үшін есеп-шоттар ашқан деп айыпталады.
АЛТЫН АҚШАҒА АЙЫРБАС
U-T San Diego жаңалықтар сайты америкалық прокурор Лаура Даффидің «құрбандарының саны, әккі ойластырылуы, қитұрқы тәсілдерді батыл қолдануы және құрбандарына рақымсыздық таныту жағынан таңқаларлық іс» деген сөзін келтіреді.
Олар өтірік ұтыстардан және құмар ойындардан келген зиянды, жалақысы мен салық төлемі өтемін көрсетіп, жалған салық декларацияларын толтырған.