"Қытайда абақтыға қамады, ақысыз жұмысқа жекті"
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ Қытайдың мата өндіретін, киім-кешек тігіп, шашқа арналған заттар мен компьютер құрылғыларын құрастыратын 5 компаниясын "Шыңжаңдағы мұсылмандарды еркінен тыс жұмысқа жегу арқылы тауар өндіреді" деп айыптап, санкция салды. Қытай мұны жоққа шығарады. Алайда "Шыңжаңдағы саяси лагерде 2017-2019 жылдар аралығында отырып шықтық" деген қазақтар Пекиннің ұйғыр, қазақ, қырғыз ұлт өкілдерін мәжбүрлі түрде ақысыз жұмыс істеткенін айтады.