Өзбекстан қазақтарының сүндет тойы
Сүндетке отырған ұлдар - Андос пен Жандос.
Таңғы палауға әзірлік. Ауыл жастары, дос-жаран мен ұлдардың әкесінің сыныптастары тойға көмектесіп жатыр.
Палау. Дәстүр бойынша қонақтарға таңғы палау беріледі.
Ұлдардың әжелері Анардың туыстары бауырсақ пісіріп жатыр.
Таңғы палауға отырар алдында, яғни той басталар тұста музыканттар керней тартады.
Тойға шақыру қағаздары.
Балалардың атасы Қадырбай (Анардың күйеуі) шақыру қағаздарын толтырып отыр.
Жамбай ауылының ақсақалдары. Әдетте аулаға дастархан жайылып, той иелері қонақтарды күтіп алады.
Жас келін ас қамдауға көмектесіп жүр.
Балаларға тай мінгізді. Мұндай сыйлықтардың саны әдетте 10-ға дейін барады. Бұл тайды балалардың әкесі - Досжанның сыныптастары атады. Тайды Досжанның достарының әйелдері айдап келеді. Олар той иелеріне бірнеше күн көмектесті.
Палауды әйелдер отырған дастарханға апара жатыр.
Немересі Жандостың бетінен сүйіп жатқан апасы Анар.
Күні бойы, қонақтарды қарсы алған сайын әйелдер биге шығып отырды.
Ақсақалдар да халық әндері айтылғанда билеп кетті.
Ұлдарға атаған жылқылар жайылып жүр.