Балғалы ауылының өмірі

Балғалы ауылы Ташкенттен 40 шақырым қашық жерде, Қамшық асуы арқылы Ферғана аңғарына апаратын жол бойында тұр.

Зүрия әже осы ауылда туып, осында тұрмыс құрғанын айтады. Егіз қыз боп туған, сол себепті әке-шешесі жергілікті дәстүрмен егіз қызға Фатима және Зүрия (Зуһра) деп ат қойған. Зүрия әженің егізі Фатима кішкентай кезінде шетінеп кеткен.

Зүрия әженің кіші келіні көрші апаға дәстүрлі түрде иіліп сәлем беріп тұр.

Есек арбамен шөп шауып әкеле жатқан Балғалының мына бір тұрғыны фототілшіні көріп: "А, мини-Қазақстанды түсіруге келдің бе?" деп күлді.

Зейнеп әже. Үш ұлы Қазақстанда жұмыс істеуге кеткен, ауылда күйеуімен, үш келінімен және немерелерімен тұрады.

Зейнеп әженің немерелерінің бірі үш дөңгелекті велосипед теуіп ойнап жүр

Зейнеп апа мен Әмірқұл атаның немерелерінің бірі. Әкесі - Қазақстанда жұмыс істеуге кеткен.

Зейнеп әженің үлкен келіні келген қонақтардың астына төсейтін көрпе апара жатыр. 

Тілші Балғалыны аралап жүргенде мына бір ауласында жіп айналдыра секіріп ойнап жүрген кішкентай қызды көріп қалды. Өзін фотоға түсіріп жатқан адамды әлгі қыз елеген де жоқ. Секіре берді.

Секіріп ойнап жүрген қыздың бұта қырқып жатқан атасы немересін суретке түсірген тілшіге мейірлене күліп қарап тұрды. Ауыл адамдары бейтаныс кісіні "Кімсің, не істеп жүрсің" деп тергемейді. Еш сұрақсыз мына ақсақал сияқты "Суретіңе түсіре бер" деп күліп тұрады.

Табында сиыр күтіп отырған кішкентай қыздар

Табынға қосқан сиырын кешке айдап қайтуға үлкен жігіттер де келеді.

Табынға жиналған балалармен ойнап жүрген ауыл тұрғындарының бірі.

Балғалының табыншысы (падашы). Тұрғындар сиырларын жайып келгені үшін табыншыға аздап ақша төлейді, көбіне еңбекақысы үшін азық-түлік береді.

Балалар сиырларын үйіне айдап қайтып барады

Ауылда балалар үлкендерге көмектесіп тыным таппай жұмыс істейді. Мына бір қыз бала табыннан үйіне айдап әкелген сиырын байлауға асығып, бір жағынан тілшіден де ұялып сауалдарына жауап бермеді.

Балғалы қазақ орта мектебіндегі мұғалиманың ұлы.

Ауыл шетіндегі трасса бойында ойнап жүрген кішкентай қыздардың бірі ағасына келіп шашын жинатып жатыр.

Балғалының қасындағы Шәбдімәлік әулиенің (12-13 ғғ.) мазары. Ауыл тұрғындары "әулие Қожа Ахмет Йасауидің жолын қуушы" болған деседі.

Нығматулла - Шәбдімәлік әулиенің мазарында шырақшы. Бұл дүрбені күтіп-бағу үшін оған бүкіл ауыл тұрғындары көмектесіп тұрады.

Ғалым Ташпулатов - Балғалыда биебау ұстап, қымыз сататын кәсіпкер. Кәсібінің қиын екенін айтады. 

Кәсіпкер Ғалым Ташпулатов пен әйелі Замира бие сауып жатыр.