Ташкент әйелдерінің бейнесі
17 жастағы паркенттік Мәдина
Жамбай ауылының тұрғыны Жанар. Жастай тұрмысқа шығып, екі балалы болған кезде күйеуінен көп зомбылық көріп, төркіні алып кеткен.
Жанардың қолындағы жүзік
21 жастағы Фируза үш жыл бұрын өзін бұрыннан танитын жігіті алып қашқанын айтады. Қазір Жамбай ауылында тұрады. Бір баласы бар, екіншісіне аяғы ауыр. Өзі Самасарак ауылынан. Домбыра тартуды әкесінен үйренген.
Гүлнәр Адбуназарова-Сейітмағанбетова. Өзі - Өзбекстанда туған қазақ, әке-шешесі Қазалыдан. Ташкентте жоғары оқу орнын бітірген әкесін жолдамамен жұмыс істеуге оңтүстік Өзбекстанға жіберген. Гүлнәрдің Ташкентте тұрып жатқанына 30 жылдан асыпты. Кезінде жоғарғы партия мектебін бітірген. Қазір экономикалық тақырыпқа жазатын журналист.
Екі ұлдың анасы, 26 жастағы Гүлнұр Дәулетова Паркентте тұрады.
74 жасқа шыққан паркенттік Өлмес апа бес қыз, үш ұл өсірген. Ұлдарының бәрі өзімен тұрады, үш қызын Қазақстанға ұзатқан.
Паркенттік 14 жастағы Әзима қолы оқудан босай қалғанда үй жұмыстарын атқаруға, ас пісіруге көмектеседі.
Гүлжамал Мілібаева - Ташкентте тұратын физик. Өзбек керамикасымен әуестенеді. Әкесі бала кезінде Шыршыққа көшіп, Таваксайдың қазақ қызына үйленген.