Венесуэланы ұзақ уақыт басқарып келе жатқан президент Уго Чавестің денсаулығына қатысты мәліметтің құпия сақталуы автократиялық саяси жүйелердегі ахуалды еске салады.
Қаңтардың 10-ында жаңадан сайланған Венесуэла президентінің инаугурациясы өтпей қалды. Оған президенттік сайлауда төртінші рет жеңіске жеткен Уго Чавес денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Әлемдік ақпарат құралдары таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл оқиға оппозицияның наразылығын ғана тудырмай, Уго Чавес серіктерінің өз ішінде де алауыздықтың пайда болуына әсер еткен. Венесуэладағы қазіргі саяси жағдай «конституциялық дағдарыс» ретіне сипаттала бастады.
«ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПСЫЗДЫҚ»
1999 жылдан билікте отырған Уго Чавес 2012 жылы қазан айында өткен президенттік сайлауға тағы қатысқан болатын. Венесуэла президентінің рак дертіне шалдыққаны 2011 жылы мәлім болса да, ол сайлау алдында ракты жеңгенін, денсаулығында кінәрат жоқ екенін мәлімдеген еді.
Бірақ ол сайлаудан кейін қайтадан Кубаға барып, желтоқсанның 11-інде төртінші рет операция жасатты. Чавестің инаугурацияға қатысуы екіталай екені сол кезде-ақ мәлім болған.
Уго Чавестің сенімді серігі, Венесуэла вице-президенті Николас Мадуроның айтуынша, қазір президенттің ахуалы жақсарып келеді, «қолды қаттырақ қысып амандасатындай жағдайы бар». Уго Чавестің тағы бір серігі Венесуэла ұлттық ассамблеясының жетекшісі Диосдадо Кабельюдің пікірінше, «инаугурацияны кейінірек те өткізе беруге болады».
Венесуэла оппозициясы науқас президентке барып, адалдықтарын қайта-қайта білдіріп жүрген осы екі серігінің арасында қазірдің өзінде қайшылық сезілетінін айтады. Оппозиция Уго Чавестің денсаулығы туралы толық ақпарат бермей отырған үкімет әрекетін де «халық алдындағы жауапсыздық» деп сынады. Олар президент инаугурацияға қатыса алмаса, конституция бойынша 30 күннің ішінде жаңа сайлау жариялануы тиіс екенін ескертті.
Президент Уго Чавес жұртшылық алдында ұзақ уақыт көрінбегендіктен, осыған дейін де түрлі қауесет тараған. Тіпті «Чавес өліп қалыпты» деген сөз шыға бастағанда үкімет оның халыққа үндеуін таратуға мәжбүр болған еді. Бірақ бұл үндеудің де қашан жасалғаны түсініксіз күйде қалды.
«ТҮРКІМЕНШЕ ТӨҢКЕРІС»
Президенттің денсаулығы жөніндегі ақпаратты жасыру авторитарлық немесе диктаторлық билік жүйесі орныққан ел ретінде аталатын мемлекеттерде жиі кездеседі. Кейде оның соңы конституциялық дағдарыстан да асып түседі.
2006 жылы желтоқсанның 21-інде Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязовтың кенеттен қайтыс болуы билеуші топтың шапшаң өзгеруіне ұласты.
Түркіменстанды шексіз билікпен шектеусіз мерзімге дейін басқаруға бел буған Түркіменбашының денсаулығы туралы оған дейін ақпарат болмаған. «Өзінің жеке басына табынушылықтан өзі ұялатын» президент мәңгі жасайтындай дәріптелген еді.
Ниязов өлген соң Түркіменстан конституциясы бойынша билік парламент төрағасының қолына өтуі тиіс еді. Бірақ осы аралықта қауіпсіздік кеңесінің «ұйғарымымен» президент міндетін уақытша атқаруды мойнына алып үлгерген вице-премьер Гурбангулы Бердімұхамедов парламент төрағасы Овезгелді Атаевты тұтқынға алу жөнінде шешім қабылдады.
«Екі сағаттың ішінде бас прокуратура Атаевты депутаттық мәртебесінен айырып, үстінен іс қозғап, қамап та үлгерді. Төңкерістің күтпеген жерден жасалғаны соншалық, көптеген лауазымды шенеуніктер биліктің кімнің қолына өткенін ертеңінде ғана білді» деп жазады сол кездегі шетелдік басылымдар.
«ЖАРАҚАТТЫҢ САЛҚЫНЫ»
Өткен жылдың күзінде Ресей президенті Владимир Путиннің денсаулығы жиі талқыланатын, бірақ ресми жауабы екіұшты тақырыптардың біріне айналды.
Путиннің сырқаты туралы алғашқы мағлұмат Жапония премьер-министрінің сапары кейінге қалдырылған соң ғана белгілі болды, яғни Жапония тарапынан айтылды.
Жасы 60-тан асқан Путиннің «омыртқасына зақым келгені», «ақсаңдап» жүргені туралы баспасөзде бірнеше рет сөз болғанымен, Путиннің баспасөз қызметі оны тек қана «бұрынғы спорттық жарақаттың аздаған салқыны» ретінде сипаттап, «дзюдодан спорт шеберінің портретіне» нұқсан келтірмеуге тырысты.
МӘТІНСІЗ СӨЗДІҢ МӘНСІЗДЕНУІ
Венесуэла президенті Уго Чавес Кубаға барып жасырын операция жасатып жүрген 2011 жылдың жазында Қазақстан халқы да президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Германияның Гамбург қаласында операция жасалғанынан неміс басылымы арқылы құлағдар болды.
Президент әкімшілігі таратқан хабар бойынша, президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл кезде «еңбек демалысында» жүрген. Мұндай «еңбек демалысының» жиілеуі бұрынғы күйеу бала Рахат Әлиев айтып жүрген «Назарбаевтың диагнозы» жөніндегі сыбысты қайта тірілтті.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың да денсаулығы туралы ақпарат құпия деректер қатарына жатады. Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері бірнеше жыл бұрын аймақтық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Каримовтің мәтіннен көзін алса, тақырыптан ауытқып кете беретін ұмытшақтығын, елдің алдында эмоциялық толқуға бой алдырып, өзін ұстай алмай қалатынын айтқан еді.
Батыста қалыптасқан биліктің ашықтығы туралы демократиялық принциптерге сәйкес жоғары лауазымды тұлғалар өз денсаулығы жөнінде ақпаратты жасырмауға тырысады. Мәселен, АҚШ президенті жыл сайынғы медициналық тексерулерін жариялап отырады. Жуырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сырқаттанып қалған кезде, оның өкілі хатшының диагнозы мен хал-ахуалын күнбе-күн хабарлап тұрды.
Бірқатар зерттеушілердің жазуынша, авторитарлық режим жағдайында саяси жетекшінің денсаулығы ең маңызды факторлардың біріне айналады. Өйткені автократ билеуші – өзі басқаратын саяси жүйе тұрақтылығының жалғыз кепілі. Ал билеушінің денсаулығына күмән туса, кланаралық тартыс күрт күшейіп, саяси жүйе шатқаяқтайды. Билікті легитимдік жолмен ауыстыру дәстүрі орнықпаған елде мемлекет басшысының аз ғана уақыт бақылаудан айырылуы бірден саяси дағдарыс туғызады.