Донецк әуежайы маңындағы тұрғындардың тіршілігі

60 жастағы жергілікті тұрғын Татьяна көшедегі қолдан жасалған ошаққа от жағуға қажетті ағаш бұтақтарын қала шетінен тасиды.

Елдімекенге журналистер келген күні 60 жасқа толған әйел туған күнін тойламады. Оның жалғыз тілегі бар - бейбітшілік орнағанын қалайды.

Опытный кентінің жоғарғы бөлігіндегі тұрғындардың көпшілігі осындай үйлерде, негізінен солардың жертөлелерінде тірлік кешіп жатыр.

Кентке тұрақты түрде келетін еріктілер өздерімен бірге мұнда жәрдем жеткізіп тұрады. Бірақ өмір сүру үшін ол жеткіліксіз деп шағынады кей тұрғындар. 

Тұрғындар үйдің жертөлесінде өмір сүріп жатқандықтан ас-суды көшедегі қолдан жасалған ошаққа от жағып дайындайды. Бірақ, көпшілігі тұрып жатқан орнын көрсетуден бас тартты. Айтуларынша, бұған дейін осында келген журналистер жертөленің ішіне кіріп, олардың қалай тұрып жатқанын көргеннен кейін тұрғындарды "ішкіштер" деп атап, ренжітіпті.

Жергілікті тұрғын Ольга Украинаның шығысында соғыс басталар алдында ғана салынған жаңа мектепті көрсетуге келісті.

Мектептің алдың жағының қазіргі көрінісі. Мектеп 2015 жылы қираған. Соғыс басталғалы бері ғимаратқа үнемі снарядтар түседі дейді тұрғындар.

Мектеп кітапханасында шашылып жатқан оқулықтардың арасында украин тілі пәніне арналған оқулық та бар.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектептердің көбі тоналған. Іске татитын заттары қолды болған. Қалған дүние-мүлік бүлінген.

Балалар ойыншығы ешкімге қажетсіз болған тәрізді.

Мектептегі пианино әлі жұмыс істеп тұр.

Мектептің қазіргі көрінісі ақырзаман нысанына ұқсайды. Апаттан соңғы Чернобыль мен соғыс жылдарынан кейінгі қираған қаланың қосындысын елестетеді.

Қираған мектепте украиналық белгілер де көзге шалынады.

Елдімекен тұтасымен ақырзаман кезіндегідей кейіпке енген: үйлер, автобазалар мен мектептер қираған, жолдардың сау-тамтығы қалмаған, тұрғындарды үрей басқан.

Жұрттың қорқынышы бекер емес: қас қарайысымен бұл маңда тарсылдата атылған автомат үні естіледі.