Чех суретшісі Вероника Кубикованың бұл картинасы әлем елдеріндегі төрт астана – Прага, Париж, Лондон және Рим қалаларынан алған әсерін көрсетеді.
Чех суретшісі Вероника Кубикова өз автопортреті жанында тұр.
Вероника Кубикованың суретінде Беларусь ұлттық кітапханасы мәнерлеп қырланған тас, кристалл бейнесінде салынған.
Суретші «Өрмекші деген кім?» атты жұмысына қазіргі заманғы адамның интернетке, Google мен әлеуметтік желілерге тәуелділігін арқау еткен.
Алматылық суретші Валерий Картун штрих-код түрінде салынған «Қазақстан мен Чех республикасы арасындағы 136 айырмашылықты табыңыз» атты суретті тамашалап тұр. Бұл еңбегінде Вероника Кубикова осы штрих-кодтарды ажырату үшін қазір смартфондарға тәуелді болып отырғанымызды көрсеткісі келген.
Вероника Кубикованың «Лабиринт» картинасы Минскінің шағын ауданындағы арасынан адам адасатындай біркелкі үйлерден алған әсерден дүниеге келген.
Суретші әрі галерист Серік Бүксеков (ортада) Вероника Кубикованың шығармалары көрмесінде.
Суретші Вероника Кубикова қазіргі заманғы жасөспірімнің құндылықтар жүйесін кірпіш және қағаздың көмегімен осылайша бейнелеген.
Суретші көрмесіндегі бұл орынға қандай шығарма қойылатыны әзірше құпия. Компьютердің жүктеліп жатқанын бейнелейтін мына суреттің орнына көрме жұмысының соңғы күні жаңа картина ілінбек.
Алматыда отбасымен тұратын чех суретшісі Вероника Кубикованың картиналар көрмесі жақында осы қалада ашылмақ.