Оқ өтіндегі өмір
Сириялық көтерілісші Әбу Суфян Алеппо қаласында қираған үйді нысанаға алып отыр. 30 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ армиясының майоры Меган МакЛанг Ирактың Рамади қаласында баланы фотоға түсіріп жатыр. Осы суретті түсіргеннен жарты сағаттан кейін майор МакЛанг жарылыстан қаза тапты. 2007 жылдың қарашасы.
Ауғанстан, Шинданд. Италия әскерилерінің қолдауымен ашылған мектеп. Мектеп ғимараты АҚШ әскери ұшақтарының шабуылынан қирады. 3 мамыр 2007 жыл.
Америкалық солдат Кандагардағы зымыран шабуылдарынан қаза тапқан "Талибан" содыры мәйітіне қарап тұр. Ауғанстан, 10 қараша 2010 жыл.
Гватемалалық Дон Карлостың көлік жөндейтін шеберханасы мәйітханаға айналды. Суретте Дон Карлос мәйітті жерлеуге даярлап жатыр. Оның көмекшілерінің бірі телевизордан комедиялық шоуды тамашалап отыр. 29 тамыз 2009 жыл. Гватемаладағы қылмыскерлер мұндай "мәйітханаларды" бос қалдырмайды.
Әл-Рахма паналау орнындағы Йемен қыздары. Олар Funny City паркіндегі аттракциондарға келіп, көңіл көтереді. Бала асырап алуға Йеменде тыйым салынғандықтан, бұл қыздар күйеуге шыққанша осы паналау орнында болуға мәжбүр. 2011 жылдың сәуірі.
Алеппо қаласындағы үкімет әскері шабуылынан қираған үй. Сирия, 3 қаңтар 2013 жыл.
Баласының бейітіне барып келген соң қаза тапқан күрд әйелін туыстары жоқтап отыр. Сирия, 31 желтоқсан 2012 жыл.
Сан-Педро-Суладағы қару сататын дүкен. Гондурас, 11 наурыз 2012 жыл.
"Араб көктеміне" қатысқан шеруші. Египет, Каир, 2011 жылдың ақпаны.