24 – 28 маусым, 2013 жыл

Арқанмен жүруші Ник Валленда АҚШ-тың Аризона штатындағы Үлкен Каньон (Гранд-Каньон) шатқалынан керілген темір трос арқылы өткен алғашқы адам атанды. Ешқандай сақтандырғыш жабдық қолданбаған Валленда 430 метрлік жолды (жерден 450 метр биікте) 22 минут 54 секундта жүріп өтті. 24 маусым 2013 жыл.

Қарағанды соты «қуыршаққа бола құрбысын буындырып өлтірді» деп айыпталған оқушыларды арнайы мектепке жіберді. 25 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан жоғарғы соты Астанада құрылыс кранының басында жеті күн отырған Бағжан Аязбекова мен Гүлім Бабақованың (суреттегі кранда отырған адамдар) жақындары Азамат Аязбековтің үкімін өзгеріссіз қалдырды. 25 маусым 2013 жыл. 

Қытайдың ғарышта екі апта болған «Шэньчжоу-10» ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралды. Қытай тарихында ғарышта ең ұзақ уақыт болған экипаждың құрамындағы үш адамның бірі - әйел. Астронавтар ғарыш станциясынан Пекиндегі оқушыларға дәріс оқып, салмақсыздық күйін түсіндіру үшін бірнеше тәжірибе жасап көрсетті. 26 маусым 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері, Ресейге 23 маусымда барған Эдвард Сноуденнің Шереметьево әуежайында екенін растап, оны экстрадициялау туралы Вашингтон талабын орындай алмайтынын мәлімдеді. 26 маусым 2013 жыл. (Суретте: Сноуденді қудаламауды талап етушілер)

Қытайдың Шыңжаң өлкесінде оссы аптадағы қақтығыстан мерт болған адамдар саны 35-ке жетті. 26 маусым 2013 жыл. (Суретте: Үрімжідегі 2009 жылғы қақтығыс кезінде жүрген әскер) 

Беларусьтің бірнеше қаласында кәсіпкерлер Кеден Одағының жаңа сауда ережелеріне наразылық білдірді. 27 маусым 2013 жыл.