Назарбаев пен дәулетті түрік бизнесменін не байланыстырады?
Your browser doesn’t support HTML5
"Ханшатыр" сауда және ойын-сауық орталығы, "Астана Арена" стадионы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Назарбаев университеті, Тәуелсіздік сарайы, "Нұр Әлем" сферасы — Қазақстан астанасындағы осы нысанның бәрін 48 жастағы түрік кәсіпкері Феттах Таминженің компаниясы салған. Таяуда оның аты Маңғыстау облысы Бозжыра шатқалындағы даулы құрылыс жобасы кезінде аталды. 2000 жылдары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен "тікелей" сөйлескен, жиырма жылда Қазақстан билігінің тапсырысымен миллиардтаған теңгеге зәулім ғимараттар салып, елдегі ең бай шетелдік кәсіпкердің біріне айналған Феттах Таминже кім?