Олимпиаданың төртінші күні

Слоупстайлден әйелдер арасындағы финалдық жарыс.

Слоупстайлден алтын жүлдені канадалық спортшы Дара Хоуэлл жеңіп алды.

Екі мәрте олимпиада чемпионы америкалық Шон Уайттың хаф-пайл бәсекесінде өзінің портреті ілінген тұстан секіріп бара жатқан сәті.

Ерлер арасында шаңғымен жүгіруден финалдық жарыс.

Норвегиялық Ола Виген Хаттестад шаңғымен жеке жарыста алтын медальді жеңіп алды.

Беларусь спортшысы Юрий Данилочкин шаңғымен жылдам құлдилап келеді.

Канадалық спортшы Тед Лигети жаттығу кезінде.

Америкалық Лорен Чолевински (сол жақта) пен қазақстандық Екатерина Айдова конькимен жүгіруден 500 метрге жарысып келеді.

500 метрге конькимен жарысудан Оңтүстік Корея өкілі Ли Сан Хва үздік шықты.

500 метрлік қашықтыққа өткен жарыста ресейлік Ольга Фаткулина мәреге екінші жетті.

Керлингтен АҚШ құрамасымен сынға түскен Ресей командасының ойыншылары.

Словакиялық Анастасия Кузьмина (сол жақта) мен Ресей спортшысы Ольга Вилухина шаңғымен әйелдер арасындағы жарыс кезінде.

Беларусь спортшысы Дарья Домрачева шаңғымен жарыста чемпион атағын жеңіп алды.

Мұзда мәнерлеп сырғанаудан канадалық Пэйдж Лоуренс пен Руди Свигерс жұбы.

Хоккейден Ресей әйелдер құрамасының ойыншысы Татьяна Буринаның (сол жақта) Жапония командасының қақпасына шайба енгізген кезі.

Жапон спортшысы Сара Таканасидің трамплиннен шаңғымен секірген сәті.

АҚШ спортшысы Сара Хедриксонның трамплиннен секіруі.

Шанамен сырғанау жарысынан сынға түскен ресейлік Татьяна Иванова.

Германия командасының мүшесі Натали Гайзенбергер бір кісілік шанамен жарыста олимпиада чемпионы атанды.