Олимпиаданың алтыншы күні

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафета жарысының финалына өтті. Команда құрамында Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев (сол жақта) және Денис Никиша (оң жақта) бар.

Қазақстандық Абзал Рақымғалиев ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бәсекесінде.

Сочи олимпидиасының чемпионы атағын жеңіп алған Польша өкілі Юстина Ковальчик шаңғымен 10 шақырымдық қашықтыққа классикалық жарыс кезінде.

Иран спортшысы Фарзана Резасолтани шаңғыдан классикалық әдіспен 10 шақырымға өткен жарыстан соң.

АҚШ спортшысы Николас Гоуппер слоупстайлдан финалдық бәсекеде.

Фристаилдан ерлер арасында споупстайл бәсекесінде жүлделі үш орынды АҚШ спортшылары иемденді. Алтын медальді Джосс Кристенсен (оң жақта) жеңіп алса, Гас Кенворт (ортада) - күміс, Николас Геппер (сол жақта) - қола жүлдегер атанды.

Ресей хоккей командасымен кездесуде Словения құрамасының қақпашысы Роберт Кристан шайбаны алуға әрекет жасап жатыр. Бұл ойында 5:2 есебімен ресейліктер жеңіске жетті.

Әйелдер арасында шанамен жарыста қола жүлде иеленген ресейлік Елена Никитина. Бұл бәсекеде алтын медальды британ спортшысы Элизабет Ярнольд жеңіп алды, ал күміс жүлдеге АҚШ өкілі Ноэль Пикус-Пэйс ие болды.

Сочи олимпиадасына Таиландтың тау шаңғысы командасының құрамында қатысып жатқан белгілі скрипкашы Ванесса-Мэй Ванакорн (оң жақта).

Конькиден 1000 метрге жарыста Қытай спортшысы Чжан Хун (оң жақта) Канадалық Кристин Незбиттен озып, алтын медальді жеңіп алды.

Әйелдер арасында шорт-тректен 500 метрге финалдық жарыста бәсекеге түскен Италия спортшысы Арианна Фонтана (оң жақта) британдық Элиза Кристи (ортада) мен Оңтүстік Корея өкілі Сын Хи Пак. 

Ресейлік Евгений Гараничев биатлоннан 20 шақырымға жеке жарыс кезінде нысана көздеп тұр.

Биатлоннан 20 шақырымға жеке жарыста алтын медаль жеңіп алған Франция спортшысы Мартен Фуркад (оң жақта) пен Оңтүстік Корея өкілі Ли Ин Бок.

Мұзда мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша өтіп жатқан жарыс барысын тамашалап отырған бүлдіршін қыздар.

Мұзда мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша сынға түскен украин спортшысы Яков Годорожа.

Хоккей ойынын Адлерде үлкен теледидар экранынан тамашалап отырған көрермен.

Сочи олимпидиасында қызмет көрсететін адамдардың жұмыстан қолы қалт еткендегі демалыс сәті.