Күрестен Азия чемпионаты

Грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев (67 кг, сары формада) финалда жапониялық балуан Цучика Шимоямадоны жеңіп, алтын алды. Алмат 2017 жылғы Азия чемпионатының финалында жеңілген. 2011 жылғы құрлық біріншілігінде чемпион атанды. 

Грек-рим күресінен Асхат Ділмұхаммедов (82 кг, сары формада) финалда қырғызстандық Атабек Азизбековты жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды. 

Еркін күрестен 65 келіде қазақстандық Дәулет Ниязбеков финалда жапониялық Даичи Такатаниді жеңіп, Азия чемпионатында үшінші рет алтын алды. Ол 2015 жылы Делиде және 2016 жылы Бангкокта өткен Азия біріншілігінде жеңіске жеткен. 

Қазақстанға Ресейден келген легионер Артас Санаа (61 кг, сары формада) да Азия чемпионатында алтын алды. Ол финалда жапониялық Казуи Коянагиді жеңді. Санаа 2017 жылы Делиде өткен Азия чемпионатында қола иеленген.

Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (72 кг, сары формада) финалда қырғызстандық Ақжол Махмұдовтан жеңіліп, күміс алды. 

Еркін күрестен 92 келіде Әділет Даулембаев (ақшыл формада) алтынға таласта ирандық Мохаммед Жавад Эбрахимиден жеңіліп, күміс алды. 

Әйелдер күресінен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльвира Сыздықова Бішкектегі Азия біріншілігінде де қола алды. Сыздықов Азия чемпионатында бұған дейін екі күміс, бір қола иеленген.

Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратов грек-рим күресінен 63 келіде Азия чемпионы атанды. Ол жартылай финалда қазақстандық Мейрамбек Айнағұловты жеңді.