Минскіде әскери техника көбейді, қаланың кіреберісіне пост қойылды

Президент әкімшілігі маңында итпен жүрген әскерилер. Біраз сарапшы Лукашенко түрлі құйтырқы әрекеттер жасап, сайлауды жеңіске жетеді деп ойлайды.
 

Минск қаласындағы орталық көшелер мен алаңдарда тұрған әскери техникалар мен солдаттар.
 

Якуб Колас атындағы алаң. Лукашенконың қарсыласы Светлана Тихановская сайлауда жеңіске жетсе елде қайта президент сайлауын өткізуге уәде берген.

Якуб Колас атындағы алаңда тұрған әскери техника. Батыс елдері мен ЕҚЫҰ Беларусь еліндегі бірде-бір сайлауды заңды өтті деп мойындамаған.

Минск қаласындағы Ленин көшесінің маңындағы әскерилер. "Настоящее время" арнасының тілшілерінің хабарлауынша, қалада су шашатын көліктер де жүр.

Қаланың орталық көшесінде өрт сөндіргіш көліктер де көп. Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, кейбір көліктерге тікенек сым темірлер тиелген.

Лукашенконың негізгі қарсыласы  Светлана Тихановская сайлауға күйеуі Сергей Тихановскийдің орнына түскенін мәлімдеген. Танымал видеоблогер Тихановский биыл мамырда президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеген соң, қамауға алынып, сайлауға жіберілмеген. Блогердің әйелі кандидат ретінде тіркелді.

Минск қаласында жүрген әскерилер.

Полицейлер қалаға кірген кейбір көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.

Минскіде әскери көліктердің көбі түс ауа пайда болды.