Соғыс ізі қалған курорт

"Пелегрин" қонақүйі ғимараты. Жағажайдан түсірілген сурет.

"Пелегрин" қонақүйінің осы тұсынан 300 метр жүрген соң әскери базаның шлагбаумы кездеседі.

"Пелегрин" қонақүйінің қазіргі көрінісі.

Қаңырап тұрған "Пелегрин" қонақүйі қабырғаларында осындай ою-өрнектер де бар.

Қаңыраған курорт ғимаратына әлдекім жазып қалдырған "Барлығы бар" деген жазу.

"Пелегрин" қонақүйінің бүгінгі көрінісі.

Бір кездегі сән-салтанатты "Пелегрин" қонақүйінің қазір кетеуі кеткен.

"Пелегрин" қонақүйімен көрші "Горичина" және "Гранд" қонақүйлері орналасқан.

"Гранд" қонақүйіне барар жол бойында орналасқан вилла.

"Гранд" қонақүйінің алдыңғы жағы.

Бір кездегі сәулетті ғимараттың қабырғалары қазіргі кезде сылақтары түсіп, мүжіліп, құлап жатыр.

"Гранд" қонақүйінің үстіңгі қабатының бір бөлігі опырылып жерге түскен.

"Гранд" қонақүйінің ішкі көрінісі.

"Гранд" қонақүйіндегі терезелерде сау әйнек қалмаған.

"Гранд" қонақүйі терезесінен қарағандағы теңіз көрінісі.

"Гранд" қонақүйінің оң қанаты.

"Горичина" қонақүйінің қос ғимараты.

"Горичина" қонақүйінің сыртқы көрінісі.

"Горичина" қонақүйінің алдыңғы жағы.

"Горичина" қонақүйінің бір бөлігі.

Купари жағажайы мен оның арғы жағындағы "Горичина", "Гранд" және "Купари" қонақүйлері. Жартылай құлап, қираған қонақүй ғимараттары мен одан таяқ тастам жерде теңізге шомылып, жағада күнге қыздырынып отырған адамдар сюрреалистік сюжет көрінісіне ұқсайды.

"Купари" қонақүйіндегі спорт залы. Жергілікті командалар ғимараттың сау қалған спорт залдарында қазір де жаттығады.

Белгісіз суретші салған граффити.

"Купари" қонақүйі.

"Купари" қонақүйінің сыртқы көрінісі.

Югославия халық армиясының элитасына арнап тұрғызылған Купари курортын сол армияның өзі қиратқан. 1960-жылдары елдің әскери бюджеті қаржысы есебінен Адриатика теңізіндегі ең көрікті жағажайлардың бірі, Дубровник қаласына жақын орналасқан Купари шығанағында төрт зәулім ғимарат, Югославия басшысы маршал Броз Титоның жеке резиденциясы және кемпинг салынған.