Футболдан Еуропа чемпионаты

В тобында Англия мен Ресей арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойында жеңіліп жатқан Ресей құрамасы соңғы минутта есепті теңестіріп кетті. Англия өзі қатысқан барлық Еуропа чемпионаттарының бірінші матчында жеңіске жете алмай келеді. Марсель, 11 маусым 2016 жыл.

Ресей мен Англия ойынынан кейін ресейлік фанаттар стадиондағы ағылшын жанкүйерлері отырған секторға өтіп, екі ел жанкүйерлері арасында қақтығыс болған. Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) осы оқиғадан кейін Ресей құрамасын Еуропа чемпионатынан шартты түрде шеттетті. Егер ресейлік фанаттар алдағы матчтарда тағы тәртіп бұзса Ресей құрамасы жарыстан біржолата шығарылады.

В тобында Уэльс (қызыл формада) құрамасы Словакия командасын 2:1 есебімен жеңді. Бұл екі ел Еуропа чемпионатына алғаш қатысып жатыр. Бордо, 11 маусым 2016 жыл.

2014 жылғы әлем чемпионы Германия Украинаны 2:0 есебімен жеңді. Украина Германиямен алтыншы рет кездесіп, үшінші рет жеңілді, осы уақыт ішінде үш ойын тең аяқталған. Германия өзі қатысқан Еуропа чемпионатының алғашқы матчтарында жеңілмей келеді. Лилль, 12 маусым 2016 жыл.

2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионатын ұтқан Испания құрамасы биылғы біріншілікті жеңіспен бастады. D тобындағы матчта Испания Чехияны 1:0 есебімен жеңді. Тулуза, 13 маусым 2016 жыл.

Бұрын Қазақстан құрамасын жаттықтырған Бернд Шторк Венгрия құрамасын Еуропа чемпионатына алып келген. Венгрия алғашқы матчта Австрияны 2:0 есебімен жеңді. Бордо, 14 маусым 2016 жыл.

Криштиану Роналду (7-нөмір таққан) бастаған Португалия құрамасы Исландия командасымен тең түсті - 1:1. Матчтан кейін Роналду "Исландия Португалиямен тең түскеннен кейін құдды Еуропа чемпионатын ұтқандай қуанды" деді. Сент-Этьен, 14 маусым 2016 жыл.

Еуропа чемпионатындағы Исландия құрамасының жанкүйерлері. Сент-Этьен, 14 маусым 2016 жыл.

ФИФА рейтингінде екінші орында тұрған Бельгия топтық кезеңнің бірінші матчында Италиядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Екі ел құрамалары 22 рет кездесіп, Италия 14 рет жеңіске жеткен. Бельгия тек төрт ойында басым түссе, төрт ойын тең аяқталған. Лион, 13 маусым 2016 жыл.

Италия құрамасының қақпашысы 38 жастағы Джанлуиджи Буффон осымен үшінші Еуропа чемпионатына қатысып жатыр. Лион, 13 маусым 2016 жыл.