Премьер отставкасын талап еткен наразылық
Наразылар былтыр желтоқсанда екі жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық істің дұрыс тексерілмегеніне наразы. Наразылар "екі баланың өліміне қатысты істі кей шенеунік жабуға тырысты" дейді. Кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімдердің бірі Заза Саралидзе "бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді" деп санайды. 1 маусым 2018 жыл.
Наразылар Тбилиси көшесінде. 1 маусым 2018 жыл.
Наразылардың бас прокурор Ираклий Шотадзенің отставкасын талап еткен шарасы. 31 мамыр 2018 жыл.
Бас прокурор Ираклий Шотадзенің (суретте) отставкаға кеткен. Бірақ шерушілер бұған көңілі толмай, енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр. 31 мамыр 2018 жыл.
Тбилиси орталығындағы наразылық. 1 маусым 2018 жыл.
Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилисидегі наразылық акциясына шыққандардың отставкаға кету талабын орындаудан бас тартты. 31 мамыр 2018 жыл.
200-ге тарта адам 1 маусымға қараған түні парламент алдында шатырларда түнеп шықты. Акцияны ұйымдастырушылар қарсылықты жалғастыра беретінін айтты.
Парламент алдына жиналған наразылар. 31 мамыр 2018 жыл.
Наразылар парламент алдында ұялы телефондарының жарығын жағып, наразылық білдіріп тұр. 31 мамыр 2018 жыл.
Наразылық кезінде парламент ғимараты алдында тұрған полиция. 31 мамыр 2018 жыл.