Грекияда орман өртінен ондаған адам қаза тапты

Афиныға жақын Рафина қаласында шыққан өрт. Грекия, 23 шілде 2018 жыл.

Мати елдімекенінде өрттен көліктер жанып кеткен. 24 шілде 2018 жыл. 

Афинаның шығысындағы өрттен Мати елді мекені демде өртеніп кетті. 

 

Грекия билігі Афиныға жақын орманда тұтанған өрттен қаза тапқандар саны 70-тен асқаны хабарлады. 24 шілде 2018 жыл. 

Қатты ыстық пен жел тұрған уақытта Афинадан батысқа қарай орналасқан, туристер көп келетін Кинетан қаласында да өрт шықты. Өрт түтіні 40 километр қашықтан байқалады. Аймақ орманды болып келеді және демалыс үйлері көп салынған.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас өртке байланысты Босния-Герцеговинаға сапарын тоқтатты. Ол елдің басқа аймақтарындағы құтқару қызметін өртке жұмылдыруға пәрмен беріп, Еуропа Одағынан өртті сөндіруге көмек сұрады. 24 шілде 2018 жыл.

Портты Рафина қаласында өрт қаланың шетінен орталығына қарай ауып барады. Жүздеген тұрғын үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды. Грекияда 2007 жылдан бері мұндай ауқымды орман өрті болмаған. Сол жылы Пелопоннес түбегінде болған өрттен ондаған адам қаза тапқан.

​Өрт сөндірушілер мәліметінше, жүзден астам адам жараланған. Билік олардың кейбірінің халі ауыр болғандықтан, құрбандар саны ұлғаюы мүмкін деп қауіптенеді.