Маскадағы әлем

Маскі киген Токио тұрғыны Незу храмының тории қақпасынан өтіп бара жатыр. Жапониядағы вирус жұқтырғандар саны мың адамнан асып кетті. 5 наурыз 2020 жыл.

Ирактың Күрдістан аймағынан  Сирияға келген жолаушылар. 1 наурыз 2020 жыл.

Сеул көшесін дезинфекциялап жүрген әскерилер мен маскі киген тұрғын. Бұл елде дертке шалдыққандар саны алты мыңнан асып кетті. 40 адам қаза тапты. 5 наурыз 2020 жыл. 

Маскі киіп, көзілдірік таққан адам компьютерден Covid-19 вирусы жайлы жаңалық оқып отыр. Бангалор, Үндістан. 4 наурыз 2020 жыл.

Ирактағы билікке қарсы наразылыққа коронавирусқа қарсы маскімен келгендердің бірі. Бұл елде 35 адам дертке шалдығып, екеуі бақилық болды. Басра қаласы, Ирак. 5 наурыз 2020 жыл.

Бағдадтағы Тахрир алаңында билікке қарсы наразылық білдіріп отырғандарға шай құйып жатқан әйелдер. 4 наурыз 2020 жыл. 

Маскі киген медицина қызметкерлері елдегі билікке қарсы митинг алдында полицейлердің дене қызуын тексеріп жатыр. Таиланда 40-тан аса адамға вирус жұғып, бір адам қайтыс болды. Бангкок, 1 наурыз 2020 жыл. 

Франциядағы маскі шығаратын шағын зауытта отырған жұмысшы. Елде 288 адамға вирус жұққан соң маскіге сұраныс артып, бұл зауыттағы жұмысшылардың саны 20-дан 60-қа артты. Мабли қаласы, Франция. 28 ақпан 2020 жыл.

Кувейт қаласында маскі киген жұрт автобус күтіп отыр. Бұл елде вирус 58 адамға жұққан. 2 наурыз 2020 жыл.

Кувейт көшесінде жүрген жұрт. 2 наурыз 2020 жыл. 

Маска киген футбол жанкүйерлері Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы матчының басталуын күтіп отыр. 1 наурыз 2020 жыл.

Парламентке сайланған әскерилер кезекті сессиядан шығып келеді. Бұл елде әскерилер парламенттегі ширек бөлігін алып, биліктің бір тармағын ұстап отыр. Үш әскери – елде министр. Мьянмада коронавирус тіркелген жоқ. 4 наурыз 2020 жыл.

Гонконг әуежайында маскі киген ұшқыштар. Бұл елде вирус жүзден астам адамда табылып, екі адам көз жұмды. 5 наурыз 2020 жыл.

 Ирандық дәрігер Гома қаласындағы ИмамРеза ауруханасында Covid-19 вирусын жұқтырған науқасты емдеп жатыр. Иранда 3500-ден астам адамға вирус жұқты. 107 адам опат болды. 4 наурыз 2020 жыл.