Қазанның 17-сі күні жергілікті уақыт бойынша 12:00-де Керчьтегі Политехникалық колледжде жарылыс болып, қарулы шабуыл жасалған. Ресей билігінің дерегінше, шабуылдан қаза тапқандардың басым бөлігі – студенттер мен колледж қызметкерлері.
Ресей тергеу комитетінің дерегінше, "шабуылды 18 жастағы Владислав Росляков жасаған". Ол Политехникалық колледждің 4-курсында оқыған. Росляков шабуылдан кейін өз-өзін атып өлтірген. Тергеушілер күдікті тұрған пәтерге тінту жүргізіп жатқаны хабарланды.
Ресей билігі оқиғаны алғашында теракт деп хабарлаған. Кейін Ресейдің тергеу комитеті шабуылды "бір немесе бірнеше адамды өлтіру оқиғасы" деп, тексеру басталғанын мәлімдеді. Ал Украина прокуратурасы "теракт" бабы бойынша тергеу жүргізетіндерін хабарлады.
"Керчь Инфо" сайты шабуылдан зардап шеккендерді тізімін жариялады. 54 адам Керчь, Ленино, Симферополь және Темрюктегі ауруханаларға жеткізілген. Ресей аннексиялап алған Қырым аймағының жетекшісі Сергей Аксеновтің айтуынша, сегіз адамның жағдайы нашар.
Қырымда үш күндік қаралы күн жарияланды.
Керчь қаласы Қырымның шығысында орналасқан. Ол Қырымды Ресеймен байланыстырады. Мәскеу Қырымды 2014 жылы көктемде Украинаның ресейшіл президенті Виктор Янукович халық толқуымен биліктен кетірілген соң басып алған.
Шабуыл жасалған колледж директорының комментариі: