Лавровтың Солтүстік Кореяға сапары

Солтүстік Корея делегациясы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Пхеньян әуежайынан күтіп алған сәт.

Сергей Лавров пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын кездесуі. Лавров Ким Чен Ынға шағын қобдиша сыйға тартқан. Лавров сый беріп тұрып "бұл қобдишаға құпия заттарды сақтауға болады" деп әзілдеген. 

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Лавров Ким Чен Ынды Ресейге арнайы шақырған.

Лавров бастаған Ресей делегациясы Корея революция музейінің сыртында жүр. Лавров Пхеньянға осымен үшінші рет сапарлап отыр. Бұрын ол Солтүстік Кореяға 2004 және 2009 жылдары барған.

Лавров Ким Чен Ир мен Ким Ир Сеннің ескерткішіне гүл қойған сәт.

Сергей Лавров Солтүстік Корея сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен кездесті. Лавров Пхеньянға салынған санкцияларды кезең-кезеңімен алып тастаса ғана Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесі "бір кездесумен" шешілмейді. 

Солтүстік Корея мен Ресей делегациясының кездесуі.