Моншақ, жазу, сурет. Мәнді де сәнді маскалар

Модельер Фридерике Йорциг Берлиндегі бутигінде той көйлегін киіп, маска таққан манекенін көрсетіп тұр.

Дизайнер Самия аз-Заклехтің жапсырмалы моншақпен безендірілген маскалары. Амман, Иордания.

Көйлегі түстес маска таққан Словакия президенті Зузана Чапутова премьер-министр Игорь Матовичпен қол алысып тұр. Братислава, 21 наурыз 2020 жыл.

Хорват дизайнері Зоран Араговичтің маскасын көрсетіп тұрған әйел. Загреб, 3 наурыз 2020 жыл.

Ливандағы босқындар лагерінде палестиналық тігіншінің тіккен маскасы. 

 

Германиялық Pia Bolte Style сән дүкенінің маскасы.

Дизайнер Сталина Свейковски және Нельсон Хименес шығарған сәнді жасыл маскалар. 

Таиландтағы буддистік монах Пхра Кру Палад Ситхиват маскасына дұға жазып алған. 

Панда формасындағы маска таққан америкалық футболшы Алан Гордон. Вашингтон, Колумбия округы, 1 сәуір.

Мехикодағы маска дүкендерінің бірі. 28 ақпан.

Өңделген материалдан жасалған маска таққан Колумбия студенттері. Олар оны қорғаныш құралы ғана емес, қаладағы маска тапшылығына қарсылығын көрсету үшін таққан. 

Колумбиялық полицейлер. 20 наурыз.

Манилада маска таққан ер адам.

Панамада тұрмысы нашар отбасыларға азық-түлік жеткізіп жүрген ерікті. 1 сәуір.
 

Сегіз жасар Панджи. Джакарта, Индонезия, 2 сәуір.