Хадиджаның балалық шағына "саяхат"

2015 жылдың қыркүйек айында Баку (Әзербайжан астанасы) соты Хадиджаны "салықтан жалтарды", "мүлікті ысырап етті" деген айыптармен жеті жарым жылға түрмеге қамады. Суретте: бала Хадиджа.

Журналистің өзі және оның адвокаттары істің саяси астары бар деп мәлімдеді. Исмаилова Әзербайжанның жоғарғы билігінде отырған тұлғалардың жемқорлыққа қатысты әрекеттерін зерттеумен танылды. Суретте: бала Хадиджа төменгі қатарда оң жақ шетте отыр.  

Үкім бойынша Хадиджа Исмаилова әлі де алты жарым жыл түрмеде отыруы керек еді. Суретте: тоғыз жасар Хадиджа. 

Исмаилованың журналистік зерттеулері арқасында 2012 жылы Әзербайжандағы алтын кенішін игеру құқығы президент Ильхам Әлиев отбасына берілгені мәлім болды.  

2014 жылы Хадиджа президент Әлиевтің қызы офшор компаниялары арқылы елдегі ірі телекоммуникациялық оператор - Azercell-ді бақылап отырғанын анықтады.

Исмаилова жүргізген журналистік зерттеу бойынша, президент отбасы Бакудегі алты салтанатты отельге иелік етеді, ал Әлиевтің қызы Лейланың Мәскеу түбіндегі Рублевкада үлкен сарайы бар.

Адвокаттардың айтуынша, журналистің соты өткен кезде заң көп бұзылған. Мәселен билік сот өтіп жатқанда Исмаилованың туыстары мен жақтастарын, тіпті құқық қорғаушыларды кіргізбеуге тырысты және бұл үшін сот залын басқа адамдармен толтырып қойды. Суретте: Хадиджа 27 жаста. 

Хадиджа Исмаилова.

Хадиджаның тұтқындалар алдындағы суреті.