2019 жылдың маңызды оқиғаларынан түсірілген 30 фото
Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласының Анапра ауданында тұратын қыз бала АҚШ-та тұратын адаммен шекара қоршауының сыртынан қол алысып жатыр. Сурет түсірілген 26 ақпан күні екі елдің дін қызметкерлері Анапра ауданындағы мигранттар мен тұрғындар үшін дұға жасаған. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың орнына дуал тұрғызғысы келген темір қоршаулардың бірі.
Полиция Венесуэла президенті Николас Мадуро үкіметіне қарсы наразылыққа шыққандарға резеңке оқ атып жатыр. 23 қаңтар.
Иран әйелдері Тегерандағы ислам төңкерісінің 40 жылдығында селфиге түсіп жатыр. 11 ақпан.
Беларусь қорғаныс министрлігінің арнайы «іздеу батальонының» сарбазы Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік неміс әскері Бресті жаулап алған кезде еврей геттосында қаза тапқан жүздеген адамның мәйітін эксгумациялауға қатысып жатыр. Бұл орын құрылыс жобасын жасап жатқанда табылған. 26 ақпан.
АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен Ханойдағы қонақ үйлердің бірінде қол алысып тұр. Вьетнам, 27 ақпан.
Ауғанстанның Кандагар провинциясындағы тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындары қой тасып жүр. БҰҰ дерегінше, тасқыннан кемінде 20 адам қаза тапты. Нөсер жаңбыр салдарынан үйлер мен көліктерді су басқан. Мыңдаған үй зақымданды. 2 наурыз.
Мұхаммед Нәдір (ортада) 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы «Әл-Нұр» мешітіндегі 50 адамның өмірін қиған атыс құрбандарына құран бағышталғанда жылап отырды. Нәдірдің ағасы шабуылда мерт болған.
Украин әзілкеші әрі президенттікке кандидат Владимир Зеленский 31 наурызда сайлау біткеннен кейін Киевтегі штабқа келіп, үстел теннисін ойнап жатыр. Зеленский сайлауда билікте отырған президент Петр Порошенконы жеңіп, мамыр айында президент қызметіне кірісті.
Грекияның солтүстігі Диавата ауылындағы босқындар лагері маңында наразылық өткізіп жатқан босқындар мен мигранттар. 6 сәуір.
Түркия президенті Режеп Ердоғанның Бурса қаласындағы үлкен плакатының алдында ұшып жүрген көгершіндер. 7 сәуір.
Өрт жайылып, түтін басқан Париждегі Нотр Дам соборының мұнаралары қирап жатыр. 15 сәуір.
Палестина тұрғындары Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахқа жасалған әуе шабуылынан кейін қираған ғимаратты тексеріп жүр. 5 мамыр.
Бес жасар ауған бала Ахмад Сайед Рахман соғыс аймағында жараланып, оң аяғынан айырылған. Оның протез аяғымен Кабулдағы халықаралық Қызыл крест комитетінің ауруханасында билеп жүрген сәті. 7 мамыр.
Францияның Канн қаласындағы 72-Канн кинофестивалінің ашылу рәсімінде киілген көйлек. 14 мамыр.
Сириялық күштер мен олардың одақтастарының әуе шабуылынан кейін жараланған баланы қауіпсіз жерге алып келе жатқан адам. Идлиб провинциясының оңтүстігіндегі Маарет Әл-Нуман қаласы. 26 мамыр.
Ресейдің Иркутск облысындағы орман өртінің Мельничная Падь ауылына жайылу қаупі төнді. Еріктілер өртті балалардың жазғы лагеріне жеткізбей, алдын алды. 27 мамыр.
Румынияның Бухарест қаласында өткен гей-парадқа қатысқан әйел. 22 маусым.
Ұшуға тыйым салынған «Boing 737 Max» ұшақтары Сиэтлдағы Боинг Филд әуежайының тұрағында тұр. Екі ірі апатқа ұшырағаннан кейін бұл ұшақ түрінің құрылымында кемшілік бары анықталып, авиациялық органдар ұшуға шектеу қойған. АҚШ, 1 шілде.
Ресейдегі билікке қарсы наразылықта полиция Борис Конторовичті ұстауға тырысып, Инга Кудрачева сүйіктісін жібергісі келмей айқайлап жатыр. Мәскеу, 27 шілде.
Сирияның күрдтер қоныстанған Түркиямен шекаралас Тель-Тамр қаласының сыртындағы жол жиегінде тұрған әйел. Түркияның әскери ұшақтары шекара аумағындағы күрдтерге шабуыл жасаған сәтте ештеңе көрінбеуі үшін түтін қолданылды. 16 қазан.
Индуизм дінінің Чхатч-пуджа мерекесінде суы лас Джамна өзенінде тәжім етіп отырған әйелдер. Нью-Дели, 3 қараша.
Шведиялық жас экобелсендісі Грета Тунбергтің Сан-Францискода ғимарат қабырғасына салынған суреті. Туынды авторы аргентиналық суретші Андрес Иглесиас. Калифорния штаты, 12 қараша
Ла-Паста арнайы жасақ Боливияның экс-президент Эво Моралестің жақтастары мен елдегі саяси ахуалға наразы тұрғындарды көз жасаурататын газ қолданып, күшпен таратуға тырысты. 13 қараша.
Гонконгте арнайы жасақ қызметкерлері Политехникалық университет маңындағы қақтығыста демократияны талап етуші демонстранттар қолданған қолшатырды таптап жатыр. 18 қараша.
Арнайы жасақ Тбилисиде үкіметке қарсы акцияға шыққан наразыларды суатқышпен таратты. Грузия, 18 қараша.
Ресейшіл сепаратистер Шығыс Украинадағы Донецк облысы Петровское елдімекенін минадан тазартып жатыр. 19 қараша.
Бензин бағасының қымбаттауына қарсы көтерілісте өртелген Иранның Мелат банкі ғимараты жанынан өтіп бара жатқан әйелдер. Шахрияр қаласы, 20 қараша. Иран билігі қарашаның басында 50 пайызға дейін көтеріп, халық жаппай наразылыққа шыққан.
Бағдатта Ирак қарулы күштерімен қақтығыста жараланған демонстрантты алғашқы медициналық көмек көрсетуге апара жатыр. Үкіметке қарсы наразалық ел астанасы мен шейіттер шоғырланған оңтүстікте қатты белең алды. Белсенділер Ирак мемлекетіне Иран ықпалының артуына қарсы шығып, биліктен жемқорлықты жоюды талап етті. 28 қараша.
АҚШ президенті Дональд Трамп Marine One тікұшағына мінер алдында Ақ үй алдындағы алаңқайда журналистерге сұхбат беріп тұр. Бұл уақытта АҚШ өкілдер палатасы оған қарсы импичмент жариялау ісін талқылап жатқан. 2 желтоқсан.
Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), Франция президенті Эммануель Макрон (ортада) және Украина президенті Владимир Зеленский 9 желтоқсанда өткен Париж кездесуінде. Бұл – fПутин мен Зеленскийдің Украинаның шығысындағы жағдайды реттеуге тырысқан бірінші кездесуі. Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донбасста 5 жылдан бері соғыс қимылдары жүріп жатыр.