Жас Путиннің билікке келген жылдары

Санкт-Петербург сыртқы байланыс комитетінің төрағасы Владимир Путин қаладағы Мариинский сарайына қарап тұр. 20 тамыз 1991 жыл. 

Владимир Путин мен Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчак (оң жақта) Санкт-Петербургтегі Австрия алаңының ашылу салтанатында. 28 қыркүйек 1992 жыл.

Санкт-Петербург сыртқы байланыс комитетінің төрағасы Путин (сол жақта) қаладағы электроника дүкенінің ашылу салтанатында. 29 сәуір 1993 жыл.

Путин (оң жақта) Санкт-Петербургтегі көлік көрмесінде Honda NSX-қа қарап тұр. 29 шілде 1993 жыл.

Қала мэрінің орынбасары қызметіне тағайындалған Владимир Путин Санкт-Петербургтегі баспасөз конференциясында отыр. 1995 жылдың желтоқсаны. 

Санкт-Петербург мэрінің орынбасары Владимир Путин қаладағы Мәскеу вокзалының жаңа кассасын ашу рәсімінде. 12 мамыр 1996 жыл. 

Ресей президенті Борис Ельцин (оң жақта) өзі Федералдық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі етіп тағайындаған Владимир Путинмен Горкий резиденциясындағы кездесу кезінде. 10 қараша 1998 жыл.  

Ельцин (оң жақта) үкімет басшысы болып тағайындалғанына бір ай толған премьер-министр Путинмен Кремльдегі кездесіп тұр. 16 қыркүйек 1999 жыл. 

Президент лауазымын Путинге (сол жақта) тапсырған Ельцин (оң жақта) қол бұлғап тұр. Мәскеу, 31 желтоқсан 1999 жыл.