Covid және Рамазан. Әлем мұсылмандарының қасиетті Ораза айы басталды

Мұсылмандар Меккедегі Әл-Харам мешітінде орналасқан Қағба маңында таң намазын оқып жатыр. Жамағат Сауд Арабиясы үкіметі коронавирус инфекциясын ауыздықтау үшін енгізген ережелерді орындап, арақашықтық сақтап тұр. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Жұмысшылар Пешавардағы мешітті дезинфекциялап жатыр. Пәкістан. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Пешавардағы әкімшілік ғимараты алдында ақшалай жәрдемнің кезегінде тұрған әйелдер. Үкімет мұсылмандардың қасиетті айы қарсаңында мұқтаждарға осылай көмектесуді ұйғарған. 

Оразаның бірінші күні саудагер көшеде құрма сатып отыр. Кабул, Ауғанстан, 13 сәуір, 2021 жыл.

Ауғанстанның Герат қаласындағы мешіт маңында мұсылмандар Құран оқып отыр. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Рамазан айының келгенін айғақтап, Ай туғанына қуанған балалар би билеп жүр. Мосул, Ирак. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Шейіттердің қасиетті орнында ұйықтап жатқан адамдар. Наджаф, Ирак. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Жұмысшылар Рамазан айында берілетін дәстүрлі тәтті тағамға қосылатын жіңішке кеспені кептіріп жатыр. Аллахабад, Үндістан. 

Оразаның алғашқы күні ауыз бекіту. Бұл - Қытай астанасы Пекиндегі ең көне Нюцзе мешіті. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Қашықтықты сақтау жөнінде белгі соғылған мешітте жатқан адамдар. Бұл жолы Джакарта мешіттері ашық. Былтыр Рамазан айы басталғанда елге коронавирус індеті келіп, мешіт атаулы жабылған еді. Индонезия. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Рамазан айының басталғанын білдіретін мереке кезінде отшашу атып тұрған палестиндік. Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласы. 13 сәуір, 2021 жыл. 

Ауыз бекітерден бір сағат бұрын мұсылмандар Париждің ең үлкен мешітінде намаз оқып жатыр. 

Мұсылмандар Подгорицадағы Османагич мешітінде құлшылық жасап тұр. Черногория. 12 сәуір, 2021 жыл. 

Мұсылмандар Подгорицадағы Османагич мешітінде Рамазанның алғашқы түні құлшылық етіп жатыр. Черногория. 12 сәуір, 2021 жыл. 

Босния-Герцеговина астанасы Сараеводағы мешіт алдында намаз оқып тұрған мұсылман.

Қыздар Рамазан басталардың алдында Гази Хусрев-бег мешітінің қасында селфи жасап тұр. Сараево, Босния-Герцеговина.12 сәуір, 2021 жыл.  

Чикагодағы мұсылмандардың қоғамдық орталығында жамағат намаз оқып жатыр. АҚШ.12 сәуір, 2021 жыл. 

Кейптаундағы Си-Пойнт жағалауында жаңа Ай туардың қарсаңында намаз оқып жатқан мұсылмандар. Кейптаун, Оңтүстік Африка Республикасы. 12 сәуір, 2021 жыл.