Грузиядағы митинг - Азаттық тілшісінің объективінде
Митингті ұйымдастырушылардың бірі белсенді Шота Дигиашвили 20 маусымдағы наразылық кезінде күш қолданған полиция әрекетін айыптай сөйлеп тұр. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Танкистің киімін киген азамат грузин тілінде "Гахария, бүгін - менің туған күнім. Отставкаға кетші. Сыйлығың болсын" деген жазуы бар плакат ұстап тұр. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Митингіге келген қарт кісі парламент баспалдағынан орын іздеп жатыр. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Наразылықты түсіріп тұрған журналистер. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Қолына грузин тілінде "Демократия әліппесі. Ресей - басқыншы" деген жазу бар кітапша ұстап тұрған наразы азамат. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Грузия туын жамылған наразы. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Митингіге келген наразылар. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.
Полиция өкілдері наразы топты алыстан бақылап тұр. Тбилиси, 3 шілде 2019 жыл.