Помпео: Сайрагүлдің батылдығына бас иеміз

Your browser doesn’t support HTML5

Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды. Сауытбайға марапатты 4 наурызда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстады.