Мирзияев пен Бердімұхамедов кездесуі қалай өтті?
Шавкат Мирзияев Ташкент әуежайында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты қарсы алған сәт. 23 сәуір 2018 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан басшысын "Көксарай" резиденциясында қабылдады. Кейін екі ел президенті Ташкенттегі Ашғабад даңғылының ашылу салтанатына қатысты. 23 сәуір 2018 жыл.
Ташкенттегі баннер. Екі ел президенттері аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға, сауда үйлерін ашу, іскерлік кеңестер ұйымдастыруға және транспорт, транзит, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника салаларына қатысты 17 құжатқа қол қойды. 23 сәуір 2018 жыл.
Бердімұхамедов сапарының екінші күні Түркіменстанмен шекаралас Хорезм облысына барды. 24 сәуір 2018 жыл.
Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Мирзияев пен Бердімұхамедовті Хорезм облысындағы Үргеніш әуежайында студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер қарсы алған. 24 сәуір 2018 жыл.
"Хорезмге қош келдіңіз!". Бердімұхамедовты қарсы алу. 24 сәуір 2018 жыл.
Хорезмде Өзбекстан өнерпаздары екі ел президентіне арнайы концерт қойды. 24 сәуір 2018 жыл.
Хорезмдегі концерт. 24 сәуір 2018 жыл.
Концерттің негізгі көрермендері - Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердімұхамедов. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Бердімұхамедов сапарына байланысты Хорезм облысына барар жолдар жабылған. 24 сәуір 2018 жыл.
Дереккөздің мәліметіне қарағанда, Гурбангулы Бердімұхамедов бұл сапарында Шавкат Мирзияевтан Түркіменстан газын Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға жеткізетін TAPI газ құбыры жобасының құрылысына "қаражат сұраған". 24 сәуір 2018 жыл.
Мирзияев пен Бердімұхамедов Хорезмдегі ескерткіштердің біріне гүл қойып жатыр. 24 сәуір 2018 жыл.
Мирзияев пен Бердімұхамедов Хорезм облысында. 24 сәуір 2018 жыл.
Мирзияев пен Бердімұхамедов Хорезм облысында "Улли ховли" қамалы мен Хиуадағы "Ичан кала" кешенін аралады. 24 сәуір 2018 жыл.
Мирзияев пен Бердімұхамедов Хорезм облысында балаларға сыйлық тапсырып жатқан сәт. 24 сәуір 2018 жыл.