Мугабесіз сайлау және дауыс беруге кезек
Елде дауыс беруге келгендердің кезегі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл.
Дауыс беруге келген тұрғындар. Хараре, 30 шілде 2018 жыл.
Елді 37 жыл басқарған 94 жастағы Роберт Мугабе де дауыс беріп жатыр. 30 шілде 2018 жыл. Мугабе 2017 жылы қарашадағы әскери төңкерістен кейін биліктен кеткен.
Сайлауға 23 кандидат тіркелген. Бірақ негізгі бәсеке президент міндетін уақытша атқарушы 75 жастағы Эммерсон Мнангагва (суретте) мен оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза арасында өтеді деген болжам бар.
Оппозициялық MDC-T партиясының басшысы 40 жастағы Нельсон Чамиза халық алдында сөз сөйлеп тұр. Хараре, 28 шілде 2018 жыл.
Дауыс беріп жатқан тұрғындардың бірі. Хараре, 30 шілде 2018 жыл.
Дауыс берушілердің ұзын-сонар кезегі. Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады. Алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы берілген дауыстың жартысынан астамын жинай алмаса, онда қыркүйекте сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Хараре, 30 шілде 2018 жыл.
Халықаралық бақылаушылар Зимбабведегі сайлаудың ұйымдастырылуын сынады.