Алматының әзірлігі

2017 жылғы универсиадаға салынып жатқан студенттер қалашығын Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиаданы ұтып алса атлеттер қалашығы ретінде пайдаланбақ. 30 шілде 2015 жыл.

2017 жылғы универсиадаға келетін төрт мыңға жуық спортшылар мен қатысушы елдердің делегациясы осы қалашықтықта тұрады. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

12 мың көрермен сыятын мұз айдын Алматының Алатау ауданында салынып жатыр. Бұл кешенде шайбалы хоккей жарыстары өтеді. 30 шілде 2015 жыл. 

 

Алатау ауданында салынып жатқан 12 мың көрермен сыятын мұз айдынына 31 миллиард теңге (шамамен 169 миллион доллар) бөлінген. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. ​

Жоспар бойынша Алатау ауданындағы мұз айдын кешені 2016 жылдың 1 қарашасына дейін салынып біту керек. 30 шілде 2015 жыл.

Алатау ауданындағы мұз айдын кешені мен атлеттер қалашығы бір аймақта орналасқан. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Алатау ауданындағы 12 мың орындық мұз айдынының құрылысы аяқталғаннан кейін осы макеттегідей болады. 

Медеу ауданында салынып жатқан 3 мың көрерменге арналған мұз айдын құрылысы. Бұл кешенді коньки және керлинг жарыстары өтеді. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Медеу ауданындағы мұз айдын кешенін салуға бюджеттен 15,6 миллиард теңге (шамамен 86 миллион доллар) бөлінген.

Медеу ауданындағы  үш мың орындық мұз айдынның жүріп жатқан құрылысы. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Медеу ауданындағы  үш мың орындық мұз айдынның жүріп жатқан құрылысы. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Медеу ауданындағы  үш мың орындық мұз айдын салып жатқан жұмысшылар.Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Жоспар бойынша, Медеу ауданында салынып жатқан үш мың орындық мұз айдын 2016 жылы қазанның соңында аяқталуы керек. Алматы. 30 шілде 2015 жыл. 

Медеу ауданындағы үш мың орындық мұз айдынының құрылысы аяқталғаннан кейін осы макеттегідей болады. 

Алматы олимпиада өткізу құқығын жеңіп алса шаңғы және биатлон жарыстары Ақбұлақ кешенінде өтеді.Азия ойындарына деп салынған кешен қазір тек жаттығу алаңы. Алматы. 16 шілде 2015 жыл. 

Халықаралық олимпиада комитеті 31 шілдеде Куала-Лумпурдағы сессиясында 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдайды.