Шешенстан президенті Ресейдің ең танымал 10 нысанын анықтауға арналған конкурста әкесінің құрметіне аталған мешітке дауыс беруге шақырған еді. Енді ол мешіттің жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Грозныйдағы «Шешенстан жүрегі» мешіті Ресейдің негізгі 10 символы санатына ену кампаниясына бұдан ары қатыспайтынын мәлімдеді.
Байқаудың екінші турында мешіттің екінші орын алып қалғанына наразы болған Қадыров: «Шешенстан жүрегі» мешіті онсыз да мойындалған, оған дәлел керек емес. Бірақ біз мұндай спектакльге қатыспаймыз» деді.
Ол Instagram парағындағы жазбасында байланыс операторлары біраз дауысты есептемегенін айта келе, «бұл - Шешенстанның бірінші орын алмауы үшін әдейі жасалып отырған нәрсе» деп мәлімдеді.
Рамзан Қадыров «Мегафон» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының, Орыс географиялық қоғамының «Шешенстан жүрегіне» дауыс берген аймақ тұрғындарының ақшасын қайтаруын талап еткен.
«Россия-10» байқауына қатысқан нысандарға берілген 145 миллион 980 мың дауыстың жартысы SMS арқылы (SMS жолдау құны - 3,56 рубль) жолданды деп есептегенде, байланыс операторларына 258 миллион 400 мың рубль (7,8 миллион доллар) түскен.
ДАУДЫҢ БАСЫ - «ШЕШЕНСТАН ЖҮРЕГІ»
Ресейдің мәдени сан алуандығын әйгілеуге арналған «Россия-10» конкурсы этникалық бәсекелестік, дауыс нәтижесін бұрмалау туралы айыптау және тұрғындарды дауыс беруге мәжбүрлеу сияқты әрекеттерімен теріс әсер қалдыра бастады.
Жалпы ұлттық сайыста дауыс берушілер Ресейдің өзіне ұнаған көрнекті ескерткішін онлайн жүйеде не SMS-хабарлама арқылы таңдайды. Конкурс сайтында шараның мақсаты «Ресейдің алуан түрлілігі мен ерекшелігін әйгілеу,
солайша елдегі туризмнің дамуына үлес қосу» деп жазылған. 29 қыркүйек күні сайыс аяқталған соң билік өкілдері 10 таңдаулы нысанның көшірмесін Мәскеу маңына орнатып, солайша жыл сайын миллиондаған туристерді тартармыз деп үміттенеді.
Орыс географиялық қоғамы (төрағасы – елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу) мен Кремльге жақын бірнеше ақпарат құралы ұйымдастырған сайыс наурыздан бері айтарлықтай қызығушылық тудырмаған еді. Бірақ тамыздың ортасында Грозныйдағы «Шешенстан жүрегі» мешіті тізімнің басына шыққаннан бастап жұрт назар аударды.
Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров «шешендер Грозныйдағы негізгі мешітке жаппай дауыс беріп жатыр» деп мәлімдеген. Ол мешіт Мәскеу мен Шешенстан арасындағы екі сепаратистік соғыстан кейін салынып, Рамзан Қадыровтың әкесі Ахмад Қадыровтың есімімен аталған.
Рамзан Қадыровтың баспасөз хатшысы Алви Керимовтің айтуынша, мешіттің көп дауысқа ие болуы оның Шешенстан мен тысқары аймақтарда әйгілі екенін дәлелдейді.
- Адамдардың рухани байлығы, діндарлығы байқалады. Олар үшін мешіт – сенім мен қайырымдылықтың, адамгершіліктің белгісі. Тек Шешенстан ғана емес, Ресейдің басқа аймақтары да дауыс беріп, хабарлама жіберіп, фотосын салады. Мешіттің біздің қоғамды біріктіретін күш екенін көрген өте жағымды, - деді Алви Керимов Азаттыққа.
«КАМПАНИЯДАН ШАРШАДЫҚ»
Ал сынаушылар халқының басым көбі мұсылман Шешенстанда дауыс жинау үшін агрессивті кампания жүргізіліп жатыр дейді. Рамзан Қадыров барлық шешендер мешітті қолдауы керегін бірнеше рет айтып, мешіттің жеңісі «төзімділіктің салтанат құрғаны» болады деп мәлімдеген. Бірнеше шешен
шенеунігі мен мұсылман дінбасылары оның әрекетін қайталады, оның ішінде парламент спикері Дукваха Абдрахманов пен Грозный мэрінің орынбасары Исмаил Хусайнов та бар.
Бірақ олардың бәрі Шешенстан мүфтиінің орынбасары Магомед Хийтанаевке жете алмады. Ол тамыз айының басында мешітке дауыс бергендер «ақырет күнінде қуанышқа кенеледі» деп мәлімдеді. Хийтанаевтың айтуынша, хабарлама жіберуге кететін ақша «Жаратушының алдында садақа болып есептеледі».
Бірақ бұл кампанияға наразы шешендер де бар. Надтеречный ауданының тұрғыны Лариса Грозныйда өтетін шеру мен концертте бір топ адамдардың мешітке дауыс беруге шақыратынын айтады:
- Олар әншілер мен аниматорларды алып келеді. Әр ән салғаннан кейін хабарлама жіберу керегін ескертеді. Тағы бір ән салады да, тағы солай мәлімдейді. «Үш рубль қиып, дауыс бер!» «Алла разылығы үшін дауыс бер!» дейді. Сосын бәрі дауыс береді, - дейді тұрғын.
Надтеречный ауданындағы мектеп директоры Хава (әйел адамның есімі) билік мұғалімдерді ондай жиындарға қатысуға және дауыс беруге міндеттеп, қорқытатынын айтады.
- Адамдардың онда барғысы келмейді. Бірақ біздің еркімізді елеп жатқан жоқ. Осының бәрінен әбден шаршадым, - дейді ол.
Грозныйдың «конкурста мешітіміз жеңсін» деген жанталасы орыс ұлтшылдарына да қозғау салды. Олар озып бара жатқан «Шешенстан жүрегін» тізім басынан түсіріп, Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы 16-ғасырда салынған «Коломенский кремль» ғимаратын таңдауға шақырған. Оны қолдау үшін арнайы шерулер мен флеш-мобтар өткізілген.
Ақыры «Россия-10» сайтындағы жарыстың 30 тамызда аяқталған екінші кезеңінің есебі бойынша, «Коломенский кремль» 38 миллион 603 мың 629 дауыс жинап, «Шешенстан жүрегінен» (38 миллион 200 мың 249 дауыс) озған.
Ал үшінші орын алған «Легенда» мүсін паркі 1 миллион 675 мың 443 дауыс қана жинаған.
Клэр Бигг, Том Бэлмфорт пен Усман Хасимиковтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
Байқаудың екінші турында мешіттің екінші орын алып қалғанына наразы болған Қадыров: «Шешенстан жүрегі» мешіті онсыз да мойындалған, оған дәлел керек емес. Бірақ біз мұндай спектакльге қатыспаймыз» деді.
Ол Instagram парағындағы жазбасында байланыс операторлары біраз дауысты есептемегенін айта келе, «бұл - Шешенстанның бірінші орын алмауы үшін әдейі жасалып отырған нәрсе» деп мәлімдеді.
Рамзан Қадыров «Мегафон» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының, Орыс географиялық қоғамының «Шешенстан жүрегіне» дауыс берген аймақ тұрғындарының ақшасын қайтаруын талап еткен.
«Россия-10» байқауына қатысқан нысандарға берілген 145 миллион 980 мың дауыстың жартысы SMS арқылы (SMS жолдау құны - 3,56 рубль) жолданды деп есептегенде, байланыс операторларына 258 миллион 400 мың рубль (7,8 миллион доллар) түскен.
ДАУДЫҢ БАСЫ - «ШЕШЕНСТАН ЖҮРЕГІ»
Ресейдің мәдени сан алуандығын әйгілеуге арналған «Россия-10» конкурсы этникалық бәсекелестік, дауыс нәтижесін бұрмалау туралы айыптау және тұрғындарды дауыс беруге мәжбүрлеу сияқты әрекеттерімен теріс әсер қалдыра бастады.
Жалпы ұлттық сайыста дауыс берушілер Ресейдің өзіне ұнаған көрнекті ескерткішін онлайн жүйеде не SMS-хабарлама арқылы таңдайды. Конкурс сайтында шараның мақсаты «Ресейдің алуан түрлілігі мен ерекшелігін әйгілеу,
Орыс географиялық қоғамы (төрағасы – елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу) мен Кремльге жақын бірнеше ақпарат құралы ұйымдастырған сайыс наурыздан бері айтарлықтай қызығушылық тудырмаған еді. Бірақ тамыздың ортасында Грозныйдағы «Шешенстан жүрегі» мешіті тізімнің басына шыққаннан бастап жұрт назар аударды.
Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров «шешендер Грозныйдағы негізгі мешітке жаппай дауыс беріп жатыр» деп мәлімдеген. Ол мешіт Мәскеу мен Шешенстан арасындағы екі сепаратистік соғыстан кейін салынып, Рамзан Қадыровтың әкесі Ахмад Қадыровтың есімімен аталған.
Рамзан Қадыровтың баспасөз хатшысы Алви Керимовтің айтуынша, мешіттің көп дауысқа ие болуы оның Шешенстан мен тысқары аймақтарда әйгілі екенін дәлелдейді.
- Адамдардың рухани байлығы, діндарлығы байқалады. Олар үшін мешіт – сенім мен қайырымдылықтың, адамгершіліктің белгісі. Тек Шешенстан ғана емес, Ресейдің басқа аймақтары да дауыс беріп, хабарлама жіберіп, фотосын салады. Мешіттің біздің қоғамды біріктіретін күш екенін көрген өте жағымды, - деді Алви Керимов Азаттыққа.
«КАМПАНИЯДАН ШАРШАДЫҚ»
Ал сынаушылар халқының басым көбі мұсылман Шешенстанда дауыс жинау үшін агрессивті кампания жүргізіліп жатыр дейді. Рамзан Қадыров барлық шешендер мешітті қолдауы керегін бірнеше рет айтып, мешіттің жеңісі «төзімділіктің салтанат құрғаны» болады деп мәлімдеген. Бірнеше шешен
Бірақ олардың бәрі Шешенстан мүфтиінің орынбасары Магомед Хийтанаевке жете алмады. Ол тамыз айының басында мешітке дауыс бергендер «ақырет күнінде қуанышқа кенеледі» деп мәлімдеді. Хийтанаевтың айтуынша, хабарлама жіберуге кететін ақша «Жаратушының алдында садақа болып есептеледі».
Бірақ бұл кампанияға наразы шешендер де бар. Надтеречный ауданының тұрғыны Лариса Грозныйда өтетін шеру мен концертте бір топ адамдардың мешітке дауыс беруге шақыратынын айтады:
«Үш рубль қиып, дауыс бер!» «Алла разылығы үшін дауыс бер!» дейді. Сосын бәрі дауыс береді.