Биыл ашылу салтанаты 8 маусымда Варшавада (Польша) басталып, финалы 1 шілдеде Киевте (Украина) өтетін Еуропа чемпионаты ойындарында барлығы 12 төреші қызмет етеді.
ГОВАРД УЭББ (Англия, 40 жаста)
Халықаралық дәрежедегі төреші. Төрешілікке бұрын арбитрлық қызметпен айналысқан әкесінің қолдауымен келген. Негізгі мамандығы – полиция офицері.
Говард төрешілік қадамын 1989 жылдан бастаған. Халықаралық аренаға 2003 жылы шықты. Осы жылдан бері ол Англия премьер лигасында төреші. 2005 жылы Говардты ФИФА өз төрешілерінің қатарына қосты.
2010 жылы Чемпиондар лигасының финалында (Бавария-Интер, 0:2) төрелік еткен. Осы жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатында төрт кездесуде қызмет жасады. Оның ішінле Голландия мен Испания арасындағы финалдық ойын да бар. Испания жеңіске жеткен финалда Уэбб 14 ойыншыға ескерту беріп, 1 футболшыны алаңнан қуды.
НИКОЛА РИЦЦОЛИ (Италия, 40 жаста)
Төрешілік қызметін кеш бастаған. 2007 жылы алғаш рет Италияның А сериясында төрелік етті. Кейін 2009 жылы ФИФА арбитрларының санатына енді. 2010 жылы Чемпиондар лигасының кездесулерінде төреші болды. Осы жылы Еуропа лигасының финалындағы «Атлетико» мен «Фулхэм» арасындағы ойынға төрелік жасады. Бұл матчта «Атлетико» жеңіске жеткен болатын.
ПЕДРУ ПРОЭНСА (Португалия, 41 жаста)
Лиссабон қаласында туған. Негізгі мамандығы – қаржыгер. 18 жасынан арбитрлық саласында жүр. Қазір Португалия чемпионатындағы беделді төрешілердің бірі.
2003 жылы ФИФА төрешісі дәрежесіне ие болған. 2007 жылы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында қазылық етеді. Бұл матчта ПСВ командасы мәскеулік ЦСКА клубынан басым түскен еді.
Педру биыл Мюнхенде өткен «Бавария» мен «Челси» арасындағы чемпиондар лигасының финалында төреші болды. 2006/07 және 2010/11 жылғы маусымдарда Португалияның үздік төрешісі атанған.
ЮНАС ЭРИКССОН (Швеция, 38 жаста)
Юнас төрешілікпен қатар спорттық жарыстардың трансляциясын сату компаниясында басшылық қызметте болған. Төрешілікті 1994 жылдан бастады. Ал 2011 жылдан бері тек төрешілікпен айналысып келеді. 2002 жылы ФИФА төрешісі атағын алды. 2009 жылы Швецияның үздік төрешісі атағын иеленген. Еуропа чемпионатында биыл алғаш рет төрелік етеді.
КРЭЙГ ТОМСОН (Шотландия, 39 жаста)
Шотландиялық төреші бұл қызметті он алты жылдан бері атқарып келе жатыр. 2002 жылы Шотландия чемпионатындағы жұмысын бастады. Оған дейін елдегі ұсақ жарыстарда төреші болған еді. Ал 2004 жылы халықаралық Норвегия мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойында қызмет етті. Кейін УЕФА оны жастар арасындағы Еуропа чемпионатына шақырды. Еуро-2008 жарысына Крэйг қосалқы төреші ретінде барды. Бірақ бірде-бір кездесуде төрешілік етпеді. Томсонның негізгі мамандығы – адвокат.
БЬОРН КЕЙПЕРС (Голландия, 39 жаста)
Арбитрлік қызметте болған әкесі Тесть Кейперстің жолын қуған Бьорн ФИФА төрешілерінің қатарына 33 жаста қабылданды. Содан бері чемпиондар лигасының,
Еуропа лигасының кездесулерінде қызмет етіп келеді. 2006 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалындағы Чехия мен Ресей арасындағы кездесуде, 2011 жылы УЕФА суперкубогында («Барселона» – «Порту», 2:0) төреші болды.
ВОЛЬФГАНГ ШТАРК (Германия, 42 жаста)
24 жастан бері төрешілік қызметте. Негізгі мамандығы – банкир. Германиядағы мықты арбитрлардың бірі. Халықаралық аренадағы жолы Херберт Фандель мен Маркус Мерк кеткен соң ашылды. Штарк 2009 жылы «Барселона» мен «Челси» арасындағы ойында алаңға шықты. 2010 жылы «Германияның үздік төрешісі» атанып, әлем чемпионатына аттанды.
2007 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында Аргентина мен Чили арасындағы матчта ойыншыларға 8 сары, 1 қызыл қағаз көрсеткен еді. Ойын соңы жанкүйерлердің үлкен қақтығысына ұласып, Штарк алаңнан қашып шыққан.
ЖҮНЕЙТ ШАКЫР (Түркия, 35 жаста)
Негізгі мамандығы – сақтандырушы агент. Бес жылдың ішінде УЕФА мен ФИФА тарапынан халықаралық төреші статусын алғанымен, тек былтыр ғана Еуропа
алаңдарындағы жарыстарда төрелік ете бастады. Жүнейт – биылғы чемпионатта төрелік ететін жас арбитрлардың бірі. Биыл чемпиондар лигасының жартылай финалында «Челси» мен «Барселона» арасындағы қарымта ойында төреші болған.
ДАМИР СКОМИНА (Словения, 35 жаста)
Словениялық рефери Еуропа чемпионатына алғаш рет қатыспақ. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы іріктеулерінде төрелік еткен. Словения төрешілік мектебінің өкілі. Белгілі словениялық арбитр Любош Михелдің шәкірті. 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиада ойындарында төрелік еткен. Ағылшын, словен, италиян тілдерін меңгерген.
ВИКТОР КАШШАИ (Венгрия, 36 жаста)
2011 жылы ФИФА тағайындаған «Жылдың ең үздік төрешісі» атағын иеленген. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына қосалқы төреші ретінде барып қайтты. Бейжің олимпиадасының финалында төрелік етті. 2010 жылғы әлем чемпионатына шақырту алып, төрт кездесуде қызмет атқарды. Соның ішінде Испания мен Германия арасындағы финалдық кездесуді атап өткен жөн.
2011 жылы «МЮ» мен «Барселона» арасындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойынында да төрелік етті. Бұл ойында 3:1 есебімен испаниялық команда жеңіске жеткен. Кашшаи – биылғы Еуропа чемпионатының финалында төрелік етуге басты кандидаттардың бірі.
СТЕФАН ЛАННУА (Франция, 42 жаста)
ФИФА төрешісі дәрежесін 2006 жылы алған. 2008 жылы Франциядағы ең үздік төреші атанды. 2010 жылғы әлем чемпионатында рефери болған. Еуропа чемпионатының іріктеу сындарында, чемпиондар лигасында қызмет атқарған. Ағылшын, неміс, француз тідерінде еркін сөйлейді.
ВЕЛАСКО КАРБАЛЬО (Испания, 40 жаста)
ФИФА тарапынан 2008 жылы ғана халықаралық төреші дәрежесін алса да, Веласко өзін тез мойындатып үлгерді. 2011 жылы чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жартылай финалында төрелік еткен. 2011 жылы чемпиондар лигасы финалында қосалқы төреші қызметін, Еуропа лигасының финалында бас төреші болған.
Ал биылғы Еуропа чемпионаты оның дәрежелі жарыстардағы дебюті болмақ. Негізгі мамандығы – иженер-технолог. Ағылшын, испан тілін біледі.