Апта айшықтары

Донецк облысында Украина әскерилері Ресей қолдайтын сепаратистерге қарата артиллериядан оқ атып жатыр. 

Путиннің суреті бар жейде киген Ресейдің Красноярск қаласындағы "Нью-Йорк" кафесінің даяшылары сельфи жасап тұр. 

ДАИШ экстремистік тобының астанасы болған Ракка қаласында ойнап жүрген бала. Қазір бұл қала ДАИШ тобынан азат етілген. 

Чехия президенттігіне кандидат Михал Горачек сайлау алдындағы дебатқа дайындалып жатыр. 12-13 қаңтардағы сайлауда  елдің қазіргі президенті Милош Земан мен Ғылым академиясының бұрынғы президенті Иржи Драгош екінші турға өтті. Екінші тур алдағы аптаға жоспарланған. 

Сирияның Идлиб аймағындағы оппозиция күші үкімет әсерімен қақтығыста артиллериядан атып жатыр. 

Ирактың Мосул қаласындағы Ваб ал-Сарай базарының қайта ашылуына келе жатқан оқушы қыздар.
 

Непалдың Бхактапур аймағында кірпіш тасып жүрген жұмысшы.

Ресейдің Апатиты қалашығында ер адам дүкен терезелерін танкімен сындырып, бір бөтелке шарап ұрлаған.

Үндістандағы Республика күніне дайындық. Бұл мереке елде 26 қаңтарда тойланады. 

Сирияның Шығыс Гута қаласындағы медициналық орталық маңында екі жасар ұлының денесін ұстап отырған әйел. 

Ауғанстанның Герат қаласында бурка киген әйелдер. 

Германияның Эркеленц Иммерат қаласында көмір өндіру үшін Ламберт шіркеуін бұзды. 

АҚШ-тың Нью Джерси штатындағы Атлантик қаласындағы қыс. 

Сирия астанасы Дамаск маңындағы Дума қаласына тасталған бомбадан зардап шеккен қыз бала дәрігерлердің жанында отыр. Қаңтарда Сирия үкіметінің әскері мен Ресей әскерилері Шығыс Гута қаласын бірнеше рет әуеден бомбалап, ондаған бейбіт тұрғын мерт болды. 

Сирия астанасы Дамаск маңындағы Шығыс Гутадағы бомбалаудан аман қалған апалы-сіңілі бір-бірін жолықтырған сәт. 

Сирияның Ракка қаласында жүрген қыз бала. 

Ресей президенті Владимир Путиннің бет-әлпетіне ұқсас маска киген адам Киевтегі наразылық шыққан әйелге шабуыл жасап жатыр. 

Сирияның Дума қаласындағы әуе шабуылынан жарақат алған адам.
 

Калькуттадағы (Үндістан) жыл сайынғы Сикх фестивалінде шылым шегіп отырған монах. 

Қырымдағы Рождество мерекесі кезіндегі қысқы жүзу шарасында Ресей туын ұстап жүрген ер адам. 

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында (Храм Христа Спасителя - ред.) Рождество мерекесі қарсаңындағы құлшылық рәсіміне қатысып тұр.