«Түркіменстан – денсаулығы мен рухы күшті ел» деген ұранды естігенде Орталық Азиядағы осы елде жыл сайын өтетін «Денсаулық пен бақыт аптасын» мерекелеу шарасы бастағанын білуге болады.
Түркімен басшысы Гурбангулы Бердімұхаммедовтың сөзіне сілтеме жасаған «Алтын ғасыр» телеарнасының жүргізушісі «Бұл шара біздің отандастарымыздың жарқын болашаққа бейбітшіліктің ақ жолымен кетіп бара жатқанын көрсетеді» деп мәлімдеді.
ПАРАД
Тележүргізушінің шара деп отырғаны – жыл сайын 1-7 сәуір аралығында өтетін «Денсаулық пен бақыт аптасы». Ол ресми түрде бекітілген 7 сәуірдегі Бүкіләлемдік денсаулық күніне сай келеді.
Ақ түске сілтеме бекер жасалып отырған жоқ. Бердімұхаммедов өзі билік еткен кезеңнің символы санайтын ақ түсті ерекше жақсы көреді.
Үкімет былтырғыдай студенттер мен мемлекеттік қызметкерлерге шараға қатысу үшін киім мен аяқ киім дайындауға тапсырыс берді.
Биылғы жылдың ұраны: «Түркіменстан – денсаулығы мен рухы күшті ел». Ресми ақпарат бойынша, осы аптада 25 ірі спорттық сайыс мен жаттығулар өтеді, 7 сәуірде Ашғабатта марапаттау рәсімі болады.
Телеарналар 2 сәуір күні балалар мен оқушылардың, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлердің үйлесімді мәнермен жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқанын көрсетті. Бір қарағанда ол Солтүстік Кореядағы парадты еске түсіреді. Жаттығудың 58-секундында қызметкерлер ерекше сап құрып, «Арқадағ» («Қамқоршы» деген мағына береді) деген сөзді жазып шығады. Бұл атақты Бердімұхаммедовқа ақсақалдар кеңесі берген еді.
ВИДЕО: Түркіменстандағы «Денсаулық пен бақыт аптасы» шарасы
ШОУ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ӨТЕТІН ШАРА
Бірақ мемлекеттік қызметкерлердің барлығы бірдей міндетті жаттығуды ерекше құлшыныспен орындайды деу қиын. Ашғабатта тұратын 37 жастағы дәрігер Аннаораз Азаттық тілшісіне жаңа униформа сатып алу үшін 100 манат (35 АҚШ доллары) жұмсағанын айтты.
Әр министрліктің жеке униформасы болуға тиіс, сондықтан олар қызметкерлеріне бірыңғай киім тіктіреді. Солайша қызметкерлерден топ құрып, оларды спорттық сайыстарға жібереді.
– Бұл шаралардың көбі шоу жасау мақсатында ғана өткізіледі, себебі түсіру тобы оны жазып алу үшін бірнеше рет орындаймыз. Телеарнаға түсу үшін бірнеше сағат күттік. Түсіру жұмыстары бір-екі сағатқа созылады, – дейді Аннаораз.
Ашғабат маңындағы «Денсаулық жолы» деп аталатын сегіз шақырымдық ұзын жол «Сердар жолы» деген атпен де танымал. Ол жолмен жүріп өту – аптадағы ең елеулі оқиғаның бірі. «Сердар» (сардар) – бұрынғы Түркіменстан басшысы, диктатор Сапармұрат Ниязовқа берілген атақ. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, мұндай жолдар ел аймағындағы әкімшілік орталықтың көбінде бар.
2006 жылы дүние салғанға дейін «Алтын ғасыр» атанған дәуірде ел билеген Ниязов денсаулық күнін атап өту идеясын ұсынған. Ол 2000 жылы қол астындағылардың бәрін жинап алып, Сердар жолына барған. Бірақ Ниязов халықпен әңгімелесіп, жаяу серуендеген жоқ - ол маңнан президент тікұшағымен ұшып өте салған.
Бердімұхаммедов Ниязовтың идеясын жетілдіріп, дене шынықтыру жаттығуларын енгізіп, жеке басқа табынудың ерекше үлгісін көрсетті.
Түркіменстан бірнеше жылдан бері өзін спортқа құмар, денсаулығы мықты ел ретінде көрсетуге тырысып келеді (кейде оның жасандылығы көзге ұрып тұрады). Елде су спорты орталықтары, 20 мың адамға арналған стадион мен бәйге орындары салынған.
(Мақаланы аударған Динара Әлімжан)

Your browser doesn’t support HTML5