Назарбаевтың АҚШ-қа сапары

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйдің алдында қарсы алып тұр. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Трамп пен Назарбаев журналистерге арналған баспасөз маслихатында отыр. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Трамп пен Назарбаев Ақ үйдегі Рузвельт бөлмесіне кіріп келе жатыр. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Трамп "Қазақстанда жасап жатқан істеріңіз үшін рахмет. Қазақстан-Орталық Азиядағы басты серіктесіміз" деді. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "екі ел арасында құны 7 миллиард доллардан асатын 20 келісімге қол қойылатынын" айтты. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Трамп Ауғанстандағы экстремистік топтармен күресте көрсетіп жатқан көмегі үшін Назарбаевқа алғыс айтты. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Назарбаев "Сіз АҚШ-та салық реформасын сәтті жасадыңыз. Ал мен бұл реформаны Қазақстанда бес жыл бұрын жасадым. Қазақстанда корпоративтік салық 20 пайыз, табыс салығы 10 пайыз" деді. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл. 

Назарбаев пен Трамп Ақ үйдегі Рузвельт бөлмесінде қол алысып тұр. Сөз соңында Назарбаев Трампқа "Сізді тоғызыншы немереңіздің өмірге келуімен құттықтаймын. Ал былтыр менің оныншы немерем өмірге келді" деп әзілдеді. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл.