«Алматыны қорғайық!» акциясы
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыда кейбір тұрғындар Бөгенбай батыр мен Желтоқсан көшелері қиылысындағы 1954 жылы салынған ғимарат қасына әр кеш сайын жиналуды әдетке айналдырғанына бір апта болды. Олар қала орталығындағы бұл ғимаратты сүрмеуді талап етеді.
«Алматыны қорғайық!» акциясына қатысушылар қала туралы ән салып, өз тілектерін айтып, осы жерден өткен жүргіншілерді, сонымен бірге қала әкімдігі өкілдерін Алматының орталық бөлігінің бағзы келбетін бұзбай, оны сақтауға шақырады.