Байбек Құбайдуллаев 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында мерт болды.
Жанар Әбдікәрімова 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция оғынан қаза болды.
Атаберген Дүйсекенов 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
Жаңаберген Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қазаға ұшырады.
Рахат Көшеров 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза тапты.
Оразай Мәмбетназаров 16 желтоқсанда ауыр жараланып, 25 желтоқсанда Жаңаөзен ауруханасында бақилық болды.
Нұрлан Мұналбаев 16 желтоқсанда Жаңаөзенде оқ тиіп қаза болды.
Төребек Төлегенов 17 желтоқсан күні Шетпедегі наразылық кезінде полиция оғынан қаза тапты.
Аманбек Тұрғанбаев 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында қаза болған.
Радик Юсупов 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда полиция оғынан мерт болған.
Базарбай Кенжебаев полиция бөліміндегі азаптаудан соң ауруханада қайтыс болды.
Азаптаудан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қанға бөккен жейдесі.
Жаңаөзендегі жергілікті газеттің 2012 жылғы 21 қаңтар күні шыққан санында полицияның қару қолданғанына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарландыру мен жапа шеккен азаматтардың суреттері жарияланды.