"Анам мені жек көреді-ау". Ата-анаға деген өкпе-ренішті қалай еңсереміз?
Your browser doesn’t support HTML5
Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 20-эпизодында ата-анаға деген өкпе-реніш тақырыбын қозғадық. Әке-шешеге деген өкпе-реніш ересек өмірге қалай әсер етеді? Сол өкпе-ренішті қалай еңсереміз? Бала кезде ата-анадан көрмеген жылулықты есейгенде қайдан аламыз? Бұл сұрақтарға практик-психолог, гештальт-кеңесші Венера Елеу жауап берді.