1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт азамат (солдан оңға): Түгелбай Тәшенов, Жамбыл Тайжұмаев, Қайрат Рысқұлбеков және Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет).
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбеков.
Қайрат Рысқұлбековтың Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы орта мектепте оқып жүрген кездегі суреті.
Қайрат Рысқұлбековтің совет армиясы қатарында міндетті әскери қызметін атқарып жүрген кезде түскен суреті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті пленумы шұғыл өткізіліп, ұзақ жылдар бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынып, орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалған. Алматыда бұл шешімге наразылық танытқан қазақ жастары 17-18 желтоқсанда Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) жиналған.
Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Геннадий Колбин тағайындалғаны туралы "Казахстанская правда" газетіне шыққан хабарлама.
Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға келе жатқан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Алматыдағы Брежнев атындағы алаңындағы көтерілістің көрінісі. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға жиналған жастар. Сурет Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтен алынды.
Алаңға келген жастар қолдарына түрлі плакаттар ұстап шыққан. Сурет Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтен алынды.
Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақтың бойжеткенін милиция мен әскерилер ұстап әкетіп барады. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға келе жатқан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Полиция алаңға келген жастардың бірін ұстап әкетіп бара жатыр. Сурет Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтен алынды.
Алаңға жиналғандардың көбі Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері еді. Сурет Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтен алынды.
Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастарының наразы шеруін күшпен басып-жаншыған соң, полиция мен қауіпсіздік комитеті (КГБ) ұсталғандардың әрқайсысын суретке түсірді . Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, "Халық қаһарманы" Қайрат Рысқұлбековтың зиратына қойылған құлпытас. Семей қаласы, желтоқсан, 2009 жыл.
Қайрат Рысқұлбековке Семей қаласында қойылған ескерткіш.
1987 жылғы маусымның 16-ы күні Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан төрт адамға сот үкімі шықты.