ADAM журналының апелляциялық шағымы

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы ADAM журналының шағымын қарап, басылымды шығаруды үш айға тоқтату туралы сот шешімін күшінде қалдырды. Сот журнал қызметін Алматы әкімдігі ішкі саясат басқармасының талабы негізінде тоқтатқан. Шенеуніктер ресми тіркелген кезде меншік иесі ADAM журналын орыс және қазақ тілдерінде шығады деп көрсеткенімен, басылым бетінде тек орыс тіліндегі материалдар жарияланып жатқанын алға тартқан. Әкімдік мұны «БАҚ туралы заңды бұзу» деп санайды.