2-4 желтоқсан аралығында Астанадағы Конгресс холл сарайында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ақындар да қатысты.
Жұма күні Астанада «Нұр Отан» партиясының съезі өтті. Жиында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс парламент сайлауында билік партиясы басым дауысқа ие болады деп сенетіндігін мәлімдеді. Партиялық тізіммен Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева да сайлауға түспек.
Қазақстан дінтанушыларының бірінші форумындағы сөзінде мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі елде өзін-өзі жарғандардың ісін айыптап, ислам дініндегі кейбір ағымдарды жаратпайтындығын да ашық білдірді. Сондай-ақ, мүфти «Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанға жаратушы сыйлаған» тұлға ретінде атады.