Алматы соты бірнеше редакция мен журналиске шабуыл ұйымдастырды деп күдікке іліген Аркадий Клебановтың "ақыл-есі кем" деп тауып, оны мәжбүрлі емге жіберді. Шабуылға ұшыраған журналистер сот шешіміне келіспейді.
Франция президенті Қазақстанға алғаш рет ресми сапарлап келді. Батыс баспасөзі сапарды Францияның уранға мұқтаждығымен байланыстырады.
Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілерді туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Бүгінге дейін 37 марқұм жерленген.
Қарағанды облысы Костенко атындағы көмір шахтасындағы 28 қазан күнгі жарылыстан мерт болғандар саны 46-ға жетті.
"Арселор Миттал Теміртауға" қарасты кәсіпорындарда апат жиі болады. Ресми мәлімет бойынша, компания нысандарында кейінгі 15 жылда түрлі апаттан 100-ден аса жұмысшы қаза тапқан. "Арселор Миттал" Қазақстандағы ірі көмір кеніштері мен металлургия комбинаттарын қалай иемденді? Шолып шығайық.
Атырауда ондаған әйел жергілікті әкімдікке барып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы талап етіп, наразылық білдірді. Олар жиналуға 25 қазан күні Аягөзде өрттен қаза тапқан төрт бүлдіршіннің өлімі себеп болғанын айтады.
Maxar Technologies компаниясы 26 қазанда Газа секторының Израильдың әуе шабуылына дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады. 7 қазанда Израиль ХАМАС радикал тобының шабуылына жауап ретінде Газа секторына әуеден соққы бастаған.
Абай облысы Аягөз қаласында тұрғын үйде өрт шығып, төрт бүлдіршін қаза тапты. Оқиға кезінде әкесі жұмыста, анасы базарда болған.
Кейінгі үш жылда тоғыз бәйгенің сегізінде бірінші келген Қарақызға тең келер тұлпар дәл қазір Қазақстанда да, Қырғызстанда да жоқ. Қарақызды аламанға атбегі қалай баптағанын, шабандоз бозбаланың жарысқа қалай дайындалғанын Азаттықтың Қырғыз қызметі түсірген қырғызша деректі фильмді тамашалаңыз.
Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов 25 қазан күні елдің бүкіл аймағындағы азаматтарды митингіге шақырған. Саясаткер белгілеген орындарда күзет күшейді, кейбірінде азаматтарды полция ұстады. Ал бірнеше облыста белсенділердің үйін күштік құрылым қызметкерлері торуылдап тұр.
Алматы мен Астанада митингіге келген бірнеше адам ұсталды. Белсенділердің кейбірі есігінің алдын таң атпастан полиция торуылдап жүргенін айтты.
Қазақстанның бас прокуратурасы "БӘСЕ" ютуб арнасының авторларына халықаралық іздеу жариялады. Ерлі-зайыпты Айдос пен Наталья Садықовтар бұны "саяси қуғын" деп есептейді.
18 адам қаза тауып, 82 адам жараланған Жамбылдағы жарылысқа кім кінәлі? Судья екі сарбазды 9 жылға соттап, 4 офицерді ақтап үкім шығарды.
Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов шақырған митинг датасы жақындағанда Қазақстанда азаматтық белсенділерді ұстау қайта басталды.
Израиль қорғаныс министрі ХАМАС радикал тобымен соғыс "ұзаққа созылады" деп мәлімдеді. Жанжал басталған 10 күнде екі жақтан 4 мыңнан астам адам қаза тапқан. 18 қазан күні Израильге АҚШ президенті бармақ.
Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов белгілеген митинг датасы жақындағанда TikTok желісінде оған қарсы насихат күшейді.
БҰҰ бас хатшысы "Таяу Шығыс құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр" деп мәлімдеді. Ұйым Газадағы жүздеген мың бейбіт халықтың өмірі қыл үстінде тұрғанын айтып, Израиль мен ХАМАС-қа үндеу жолдады. Соғыстың оныншы күні құрбандар саны төрт мыңнан асты.
Тағы